» » Қайырымдылық – ең қайырлы іс

Қайырымдылық – ең қайырлы іс

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» дейді халық даналығы. Қайырым­дылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Бүгінде әлеуметтік ахуалы мардымсыз отбасыға, бала-шағаға түрлі деңгейде қайырымдылық көмек беріп, жәрдем қолын созатындардың қарасы көбейді. Әрине, көңіл қуантады.
ҚР Білім және ғылым министрлігі әр жыл сайын ұйымдастыратын дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы биыл да жалғасын тапты. Жуырда аудандық психологиялық педагогикалық түзету кабинеті базасында түзету-дамыту сабағын алушы Азамат Асланды мектепке даярлап, қол ұшын беруге Сығай руының жастары ұйытқы болды. Акцияның ерекшелігі – қайырымдылыққа жастардың араласуы. Оразада тұрғындарға ауызашар беріп, түрлі қайырымдылық шараға белсене араласып жүрген Сығайдың бүгінгі буыны, кезекті қамқорлықты қажет ететін балаға демеушілік жасауға асығыпты. Баланың көзінен қуаныш пен қатар сабақ оқуға деген ынтасының артқанын көзден-ақ аңғаруға болады. Анасы А.Нұрмаханова да қайырымдылық жасаушыларға алғысын айтуда.
«Жанашырлыққа – жан риза» дегендей қамқорлық көрсету, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске әрбір адамның араласуы – азаматтық парыз. Жақсылық жасауға асығайық!
Айнұр ӘЛИ,
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет),
«Қармақшы таңы».
22 тамыз 2018 ж. 4 773 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 834
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 556

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930