» » «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ

Алғашқы қоңырау соғылып, балалардың мектепке барар сәті де алыс емес. Жыл сайын бағасы шарықтай түсетін оқу – құралдары мен мектеп формасын сатып алуды баршаның қалтасы бірдей көтере бермейтіндігі рас. Ал, жаңа оқу жылына даярланып жатқан ата – аналар мен балалардың осынау қарбалас сәтінде азаматтық қоғам қандай көмек қолын соза алады?!
Жыл сайын дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларының осы сәттегі қиыншылықтарын жеңуге бағытталған игі шара. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша «Қазақстан - 2050» Стратегиясында белгіленген балалардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жаңа әлеуметтік саясатты іске асыру мақсатында ағымдағы жылғы 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығындағы «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық акциясы өтетіндігін хабарлай отырып, аудан халқын акцияға белсене қатысуға шақырамыз.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету.
Акция аясында халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеу, үлкенге құрмет, кішіге – ізет көрсету, жас ұрпақ бойына рухани адамгершілік дәндерін себуге бағытталған шаралар жүргізіледі. Халқымызға тән ұлттық ерекшеліктерді, мейірімділік, қайырымдылық, әділдік сынды ең асыл қасиеттерді насихаттау кеңінен өріс алады.
Жаңа оқу жылының қарсаңындағы игі бастама елімізде дарынды, білімді, алғыр, дені сау ұрпақ өсуіне ұйытқы болмақ.
Құрметті қауым, акция барысында үкіметтік емес ұйымдарды, кәсіпкерлерді және мемлекеттік органдарды, аудан халқын акцияға белсене қатысуға, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларына қолдау жасауға шақырамыз.
Қамқорлық акциясын үйлестіру тобы.
Қорқыт Ата көшесі, № 7 үй. Телефон 2-21-84.
28 шілде 2018 ж. 5 125 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930