» » Қайырлы істің - қазығы алтын

Қайырлы істің - қазығы алтын

Жомарттық – жанның байлығы. Мұндай қасиетке ие болған кісі жақсылық жасауды көңілі қалап, көпшілікке қолұшын беруге дайын тұрады. Қазаққа тән қасиеттің бірі осы – жомарттық. Қамқорлыққа зәру жандарға қол ұшын созып жүрген жомарт азаматтар біздің ауданда да жетерлік. Соның бірі – Бахыт Қайырбеков.
Жақсылық жасау үшін ниетіңіз болса болғаны. Қарапайым жан да қайырымды іс қыла алады. №27 орта мектептің күзетшісі Бахыт Қайырбековтің ісі осыған дәлел. Ол игі іс жасап, туған өлкесінің түлеуіне тер төгіп жүр. Жақында ауданда өткен "Жомарт жүрек" сыйлығынан "Ерен еріктілік" номинациясын жеңіп алды.
Бахыт Басқынбайұлы мешіт жамағаты арасында спорт түрінен қайырымдылық турнирін, тағы басқа араларды өткізуге, жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға қолдау жасауға ерікті түрде белсене араласып келеді. Осы орайда мешіт жамағатының күшімен өткен жылы Томанов көшесінде тұратын жалғыз басты көпбалалы анаға арнап үй салынып берілді.
- Жақсылық жасаймын деген ниетіңіз болса, қай кезде болмасын өзгеге қуаныш сыйлай аласыз. Сіздің осы амалыңызға сәйкес Алла өзі жақсы адамдарды жолықтырып, ісіңізге береке береді. Сондықтан басқа жанға шаттық сыйлап, айналаңызды қуанышқа бөлеу әрбір адамның қолынан келеді, – дейді кейіпкеріміз.
Расымен шын мұқтажға, адал кісіге жомарттық жасаудың сауабы мол. Сауапты іске – самалдай есілген, тұлпардай көсілген кейіпкеріміздің жақсылығы жетерлік. Ол – бергенін ұмытып, алғанын ешқашан ұмытпайтын адам. Бахыт ағайдың ізгі ісі әрбірімізге үлгі болмақ.
Иә, жомарт болу үшін қалтаның қалыңдығы мен малдың саны қажет емес. Ол үшін жақсылыққа жаны құмар айналасына жанашыр жүрек болса жеткілікті. Сондықтан жүрегіңізді қатайтып алмай, жақсылық жасай жүріңіз!

Ақнұр Ердүйсенқызы
26 тамыз 2019 ж. 1 098 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Ақсұлу
29 желтоқсан 2024 ж. 68
СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

20 қараша 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031