» » ПЕЙІЛІ КЕҢ, ЖҮРЕГІ ЖОМАРТ ЖАНДАРҒА АЛҒАУСЫЗ АЛҒЫС

ПЕЙІЛІ КЕҢ, ЖҮРЕГІ ЖОМАРТ ЖАНДАРҒА АЛҒАУСЫЗ АЛҒЫС

Туған жердің өркендеуіне елеулі үлес қосып, қамқорлыққа зәру жандарға қол ұшын созып жүрген жомарт азаматтар ортамызда жетерлік. Көңілі кең, жақсылыққа жаны құмар адамдарға қандай құрмет көрсетсек те артық емес. Осыған орай аудан әкімдігінде «Жомарт жүрек» сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев шараның маңыздылығына тоқталды:
– Жақсылық істеу, өзіңде барды өзгемен бөлісіп мұқтаж жандарға қол ұшын беру жомарттықтың белгісі. Жақсы іске жанашыр ізгі ниетті, ақ тілеулі ел азаматтары қоғамнан қашанда табылады, – деп атап өтті аудан әкімінің орынбасары.
«Жомарт жүрек» сыйлығы 5 номинация бойынша табысталды. Атап айтар болсақ, “Жыл меценаты” номинациясына туған жерде ірі әлеуметтік жобаларды іске асырып, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, ата-анасының қарауынсыз қалған жетім балаларға, мүгедектерге, қайтарымсыз көмек көрсеткен жеке кәсіпкер Рабиға Балғабаева ие болды.
«Туған өлке» номинациясы «Абай Дәулет» ЖШС директоры Мұрат Сәрсен­баевқа берілді. Аталған мекеме ІІІ Интернационал ауылын абаттандыруға, жа­рықтандыруға және экономикалық ахуалын көтеруге балалардың ойын алаңы мен жаттығу құрылғыларын салуға қаржы бөлген. Сонымен қатар шаруашылыққа жаңа техникалар алынды. Серіктестік спорттық-мәдени шараларға демеушілік жасап, мектепке жаңадан спорттық құрал-жабдық алып берді.
Ал «Жыл тұлғасы» номинациясы белсенді азаматтық ұстанымы, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық ша­­ра­ларға қолдау көрсеткені үшін «Дә­меткен» жеке қайырымдылық қорының құрылтайшысы Зарқұм Бекжанов марапатталды. З.Сартайұлы 1978 жылдан бас­тап Алматы қаласында тұрады. «Туған өлке» жобасы аясында жолдасы Дина Базаралықызымен бірге «Дәметкен» қайы­рымдылық қорын құрып, 2017 жылдың желтоқсан айында аудан, облыс әкімдігінің қолдауымен кент орталығынан мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Дәметкен» инклюзивті мәдени-сауықтыру балалар орталығын салады. Ол 2019 жылдың 1 мау­сымында пайдалануға берілді. Бүгінде ор­талықта емдік дене шынықтыру, арт-терапия, логопед және психология кабинеттері, компьютерлік сынып бар.
«Жылдың үздік ұйымы» номинациясымен «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігі марапатталды. Қоғамдық бірлестіктің төрайымы Бақыткүл Райымбаева.
– Қызым Аңсаған «Маған өзім секілді қыз бала тауып берші әңгімелесейін, ойым да бөлінеді» деп өтініш жасады. Жан-жақтан осы секілді балаларды іздедім. Содан 2007 жылы осы ұйымды құрдым. Мұнда балаларды еңбекке үйретемін, бас қосып, әңгіме дүкен құрады. Ойлары бөлінеді. Ұйым жұмысының жүруіне аудан азаматтары да көмек береді. Оларға үлкен ризашылығымды білдіремін, – дейді Бақытгүл Сейіткәрімқызы.
Жақсылық жасау үшін ниетіңіз болса болғаны. Қарапайым жан да қайырымды іс қыла алады. №27 орта мектептің күзетшісі Бахыт Қайырбековтің ісі осыған дәлел. Ол осы шарада «Ерен еріктілік» номинация­сын иеленді. Бахыт Басқынбайұлы ме­шіт жамағатымен бірге спорт түрінен қайырымдылық турнирлерін өткізіп, жағ­дайы төмен, көпбалалы отбасыларға қолдау жасауға ерікті түрде белсене араласып келеді. Мешіт жамағатының күшімен 2018 жылдың күз айында Томанов көшесінде тұратын жалғызбасты көпбалалы анаға арнап үй салынып берілді.
Сыр өңірі – ата дәстүрінен айнымаған, салтына берік, ұлттық құндылықты қадір тұтатын қасиетті өлке. Осынау өлкеде ел мүддесін өзінен биік қоятын, атамекеннің абыройын асырып жүрген азаматтардан үлгі алайық!
Ақнұр САҒЫНТАЙ
06 тамыз 2019 ж. 2 131 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 079

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031