Ғасыр ғұмыр

qarmaqshy-tany.kz АУДАНЫМЫЗДАҒЫ АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ БАТЫР АНАЛАРЫМЫЗДЫҢ БІРІ, БҮГІНДЕ 100 ЖАСТАҒЫ ЖОСАЛЫ КЕНТІНІҢ БАЙЫРҒЫ ТҰРҒЫНЫ – РАЙХАН ОСПАНОВА. ӨТКЕН ҒАСЫРДЫҢ ЖИЫРМАСЫНШЫ ЖЫЛЫНЫҢ ОРТАСЫНДА ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ДҮНИЕ ДИДАРЫН АШҚАН РАЙХАН МҰҢТЫРҚЫЗЫНЫҢ ЖАСТЫҚ ШАҒЫ ЕЛДЕГІ ЗҰЛМАТ, ЯҒНИ РЕПРЕССИЯ, ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫМЕН ТҰСПА-ТҰС КЕЛДІ. СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНА ОЛ ӨЗГЕ ЗАМАНДАСТАРЫ СИЯҚТЫ МАЙДАНҒА АТТАНҒАН ӘКЕЛЕРІНІҢ, ЕР-АЗАМАТТАРДЫҢ ТУҒАН ЕЛГЕ АМАН-ЕСЕН ОРАЛУЫН ТІЛЕП, ЕҢБЕК ЕТТІ. МЕКТЕПТЕ БІЛІМ АЛДЫ. БІРАҚ, СОҒЫСТЫҢ ОРТАСЫНДА ОЛ ТЫЛДА ЕҢБЕК ЕТІП ЖҮРГЕН АНАСЫНЫҢ КЕНЕТТЕН СЫРҚАТТАНУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ 6 СЫНЫПТАН КЕЙІН БІЛІМІН ЖАЛҒАСТЫРА АЛМАДЫ.
– Халықтың көптен зарыға күткен Ұлы Жеңісі келіп жетті. Майданнан елге ер-азаматтар да оралып, халық шаруашылығын қайта қалпына келтіруге кірісті.
– Мен еліміздің астанасы Орынбордан Ақмешітке ауысып жатқан кезінде дүниеге келіппін. Әкем Мұңтыр мен анам Хадишаның үкілеп өсірген 6 баласының кішісімін. Балалық шағым да сол заманның балалары сияқты зұлмат жылдарда өтті. Ашаршылық, асырасілтеушілік, ұжымдастыру, репрессия, Ұлы Отан соғысы сияқты сұм жылдар менің жүрегімнің түкпірінде сақтаулы жатыр. Құдай сондай кезеңді бүгінгі ұрпақтың басына бермесін. Иә, мен өзге құрбыларым сияқты соғыс жылдарында дұрыс білім ала алмадым. 6 сыныптан кейін шешемнің қатты сырқаттауына байланысты мектептегі оқуымды доғардым. Міне, әлемді дүрліктірген сұм соғыс та аяқталып, еліміз бейбіт өмірге көшті. Көп ұзамай мен бақытымды тауып, жүрегім қалаған азаматыма тұрмысқа шықтым. Яғни 1946 жылы киелі Қармақшы өңірі, Қызылтам елді мекенінің азаматы, майдангер Әбдіхалықпен бірге шаңырақ көтердім. Өтіп жатқан қайран өмір-ай, десеңші. Оған да биыл 77 жыл болыпты. Содан біз алғашқы кезде Қызылтамда тұрғанмен, 1953 жылы аудан орталығына қоныс аудардық. Жолдасым теміржол саласында еңбек етсе, мен механикалық зауытқа бытыра қаптаушы болып жұмысқа орналастым. Жылдар өте өмірге 13 ұрпақ әкеліп, біршама жыл отбасымда бала тәрбиесімен айналыстым. Бірақ, сол ұрпақтарымның біршамасы сәби кезінде шетінеп кетті. 1969 жылы жарым соғыста алған жарақатынан бақилық болған соң мен зауытқа жұмысқа қайта кірдім, – деді өткен өмірін еске алған кейуана.
«Өмір – өзен» демекші, арада жылдар өтті. Бүгінде жүз жасқа толған Райхан анамыз тың әрі сөзден жаңылмаған, әңгімеге де жақын. Ортаншы ұлы Ағайдардың қолында немере, шөберелердің қызығын қызықтап, ағайын-туысқа аналық батасын беріп отырған жайы бар.
– Жарым өмірден өткен соң 1971 жылы зауытқа қайта жұмысқа тұрдым. Онда Сұлтанбек Айбасов деген азамат басқарған цехта Айша, Тайша, Базаркүл есімді қызкеліншектермен бірге еңбек еттім. Сол кездері біз күніне 35-40 тонна бытыра қаптап, оны вагонға тиеп, Ресейдегі зауыттарға жөнелтіп тұрдық. Қазір сол жылдардағы ауыр кезеңдерді еске алып отырсам мен бір күн жұмыстан кешігіп, не қалып көрмеппін. Ауданның мақтанышы атанған механикалық зауытта еңбек ететін мыңдаған жұмысшықызметкерлермен бірге аудан экономикасын нығайтуға қосқан үлесім мен ерен де адал еңбегім үшін көптеген мадақтама, алғысқа ие болдым. Сый-құрметпен де құрметтелдім. Суретім де таңдаулылар тақтасында ілінді. Бірақ, Алла Тағала маған берген 13 перзентінен 8 бала қалып еді. Өткен жылдарда екі үлкенімді де қайтпас сапарға шығарып салдым. Бүгінде 3 қыз, 3 ұлым жанымда. Жаратқан ием сыйға берген 8 баладан тараған 45 немерем мен 35-тен астам шөберемнің, 6 шөпшегімнің қызығын көріп отырған жайым бар. Үкімет омырауыма «Ұлы Отан соғысының аяқталғанына – 50-60-70 жыл», «Батыр ана», «Алтын алқа», «Тыл ардагері», «Социалистік жарыстың жеңімпазы», «Бесжылдықтың белсендісі», басқа да көптеген төсбелгілерді тақты. Өмірге әкелген перзенттерімнен қалған балаларымның үлкені – Әлайдарым мен Бекайдарым өмірден өтсе, Алтынкүл, Жайдар, Бақыткүл есімді қыздарым, Ағайдар, Қалдыбек, Қалберген есімді ұлдарым жанымда, қазіргі таңда Ағайдар мен келінім Ақмоншақтың қолында тұрып жатырмын. Еліміздің әр аймағында еңбек етіп жүрген ұл-қыздарыммен хабарласып тұрамын, – деп әңгімесін тәмамдады алтын құрсақты Батыр ана, ғасыр өмір сүріп отырған Райхан Мұңтырқызы.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
14 наурыз 2023 ж. 1 156 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 014

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031