» » » Қызылқұмның Қаратайы

Қызылқұмның Қаратайы

Әр дәуірдің өзіне қажетті алыптарын дүниеге әкеліп отыратыны заңдылық болар. Қоғамның құба желіне де, «мына» желіне де ықпай, адами қалпын өзгертпейтін сол алыптардың елдің де есінде мәңгіге сақталатыны анық. Уақыттың безбенінен өтіп, елдің жадында атойлап жататын сол алыптарды бәріміз де құрметтеп еске алып отырамыз. Көзінің тірісінде-ақ «Дала академигі» атанған, «Қармақшының Қарекеңі» деген аяулы атқа ие болған, абыройлы ақсақал – Қаратай Қуаңбаев биыл бір ғасырға толып жатыр.
Ұлы Отан соғысының ардагері, еңбек майданының да көрігін қыздырған Қарекеңе бір ауылдың кіндігін кесіп, бір қауым елдің ұйытқысына айналу бақыты бұйырған екен. Ендігі ырзығын да, иыққа түсетін ауыртпалығын да теңдей бөліскен сол елдің көшін Қаратай ақсақал жиырмасыншы ғасырдың белесінен өткізіп кетті.
Мен түсінген Қаратай Қуаңбаев феномені ұлттық құндылықтарға суарылған тәрбие-тәлімге негізделген секілді. Қоғамның да, адамның да бағыт-бағдарын көкірегіндегі үшінші көзімен аңғаратын қасиеті Қаракеңнің ерекшелігі шығар. Азды-көпті сол ауылдың көркеюіне үлес қосқан біздің әкей – Зинабыт Сүлейменов: «Бізді адам қылған Қаратай еді. Істің де, сөздің де жүйесін білетін Қарекең бізге үлкен мектеп болды. Қарекеңнің шекпенінен шыққан азаматтардың дені өмірден өз орындарын тапты» - дейді.
Телісі мен тентегін де қазақы тәрбиге салып жіптіктей қылатын, алақандай ауылды жүрегінің жылуына орап аялай білген азаматты ауылы да төбесіне көтеріп құрметтеді. Өмірдің бүкіл түйткілдері қоғамның әрбір мүшесіне бірдей тәуелді десек те, сол дәуірді алға сүйрейтіндей азаматтардың қажеттігін уақыт дәлелдеген секілді. Адамның жадынан артық ескерткішті табу шынында да қиындау болар. Қолмен қойылған ескерткішті әспеттеуге болар, көркемдеуге болар, тіпті қайта құлатуға да болар. Ал, адамның жадына қойылған ескерткішті ешкім де әрлей алмайды. Бір қауым елдің жадында өшпес өнегесімен Алатаудай алыпқа айналған Қаратай әкеміздің бейнесін уақыттың өзі бедерлеп кеткендей.
Осы «Жаңақала» ауылының (қазіргі Т.Көмекбаев атындағы ауыл) қазығын 1964 жылдың қаңтар айында совхоздың алғашқы директоры Қаратай Қуаңбаев, алғашқы бас бухгалтері Болысбай Алтынбаев пен Қарекеңнің атқосшысы Абатбек Сүлейменовтер қаққан екен. Сол қазық бүгіндері алып Темірқазыққа айналды. Сол ауылда дүниеге келген әрбір азаматтың жүрегін туған жерге байлап кеткен ҚАРАТАЙДЫҢ ҚАЗЫҒЫ сол ауылдың құтын да, берекесін де қоса байлағандай.
Бірлікті басты байлығына балаған ауылдың бүгінгі тірлігі де Қаракең салған соқпақтан ауытқыған емес.
Қаратай Қуаңбаевтың тойы құтты болсын!

Үлкен құрметпен,
Бекжан СҮЛЕЙМЕНОВ

P.S. Суреттер Кәри Қаратайұлы Қуаңбаев пен Серік Төлепбергенұлы Сүлейменовтің жеке мұрағаттарынан алынды.

09 қазан 2022 ж. 794 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 030

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031