» » Қаратай Қуаңбаевтың 100 жылдық мерейтойы атап өтілді

Қаратай Қуаңбаевтың 100 жылдық мерейтойы атап өтілді


«Жаңақала» деп аталған ширек ғасырдан астам тарихы бар ауылдың ең алғаш қазығын қағып, іргелі шаруашылық болуына айрықша еңбек еткен, 16 жыл кеңшарды басқарып, ел есінде қайраткерлігімен, жасампаз істерімен қалған Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Қаратай Қуаңбаевтың туғанына биыл 100 жыл.

Қайраткер тұлғаның ғасырлық мерейтойы ағымдағы жылдың 7-8 қазан күндері берекесі мен бірлігі жарасқан, алты алашқа аты мәлім талай таланттар мен дарабоздарды дүниеге әкелген тұғырлы мекен Т.Көмекбаев ауылында кең көлемде аталып өтті.
«Ұлағаты ұрпаққа үлгі - Қаратай Қуаңбаев» тақырыбымен өткен мерекелік шара Жаңақала ауылында дүниеге келіп, бүгінде республикаға танымал айтыскер ақын, ҚР мәдениет саласының үздігі, Әл Фараби және Қорқыт атындағы алтын медальдардың иегері, Қармақшы ауданының құрметті азаматы Серік Ідірісовтің шығармашылық кешімен басталды. Жас қаламгерлердің жыр мүшайрасымен жалғасқан салтанат ақындар айтысы мен облыстық филармонияның галаконцертіне жалғасты.
Мерейтойда сөз алған аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов орталық комитеттің қаулысымен 1964 жылы құрылған «Жаңақала» кеңшарының ең алғашқы ұйымдастырушысы, білімділігі мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында есімі тарихта қалған қайраткер тұлға Қаратай Қуаңбаевтың өнегелі өмір жолына тоқталып, Тәйімбет Көмекбаев ауылында атқарылып жатқан игі істерге тоқталды.
Мұнан әрі жыршы- жыраулардың облыстық жыр фестивалі басталып, елімізге белгілі жыраулар Бидас Рүстембеков, Арнұр Көшеней, Берік Саймағамбетов, Серік Жақсығұлов, Болат Баймұратұлы, Әйгерім Ешбаева, Ізбасхан Дәулетхан, Майра Сәрсенбаева, Руслан Ахметов, жас жыршы Ақсұңқар Бүркітбайлар Жаңақаланың аспанын жырға бөледі.

Қазақша күрес пен ұлттық ойындардан ұйымдастырылған спорттық шаралар ат бәйгесіне жалғасты.
Ауылдастары туған жерінің өсіп-өркендеуіне перзенттік болмыспен еңбек еткен, адамдық, азаматтық өресі биік өр тұлға Қаратай Қуаңбаевтың аруағына дұға бағыштап, ас берді.
Батыр атындағы ауылда еңбегімен еліне құрметті болған батыр тұлғаның мерейтойы осылайша береке мен бірліктің, еңбекке деген құрметтің нәтижесіндей болып жоғары деңгейде өтті.
Халқы құрметтеген, тарих беттерінде есімі алтын әріппен жазылған алып тұлғаның елі үшін жасаған еңбегі жыл өткен сайын ел есінде, кейінгі ұрпақтың жадында мәңгі жаңғыра бермек.


08 қазан 2022 ж. 951 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031