» » Белгілі айтыскер Әселхан Қалыбекова дүниеден өтті

Белгілі айтыскер Әселхан Қалыбекова дүниеден өтті

Бүгін танымал айтыскер ақын Әселхан Әлішеріқызы Қалыбекова 71 жасында дүниеден өтті.


Бұл туралы ақын Бекарыс Шойбеков әлеуметтік желіде хабарлады.
“5 шілде 08:30 шамасында елімізге танымал айтыскер ақын, ұлысымыздың ұйытқысы атанған Оңтүстіктің төл перзенті, "Парасат", "Құрмет" ордендері мен "Қазақстанның Халық ақыны" атағының иегері Әселхан Әлішеріқызы Қалыбекова 71 жасында дүниеден өтті”, – деп жазды ол желіде.
Белгілі болғандай, марқұмға созылмалы жүрек шамасыздығы диагнозы қойылған.
Ақынмен қоштасу рәсімі 6 шілде Шәуілдір ауылында өз шаңырағында өтеді.
Әселхан Қалыбекова 1950 жылы 22 сәуірде Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылында туған. Қазақ КСР-нің Халық ақыны (1990) атағын алған. Қазақстан жазушылар одағының Жамбыл атындағы халықаралық сыйлығының тұңғыш лауреаты (1989). Отырар ауданының Құрметті азаматы.
05 шілде 2021 ж. 756 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 504

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930