» » » Мұхтар Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

Мұхтар Шахановтың шығармашылық үйі ашылды

Мұхтар Шахановтың шығармашылық үйі ашылды
Отырар ауданының Жаңа Шілік ауылында Қазақстанның Халық жазушысы, ақиық ақын Мұхтар Шахановтың шығармашылық үйі ашылды.
2-шілде күні Мұхаң 76 жасқа толды. Жаңа Шілікте ашылған шығармашылық үйі ақынның туған күніне арналған кереметтей тарту болды. Салтанатты жиынға отырарлықтардан бөлек, Түркістан облысы әкімдігінің, зиялы қауымның, ақпарат құралдарының өкілдері, басқа да адамдар қатысты. Ақынға зор құрмет көрсетіліп, сый-сияпаттар тапсырылды.
Осында жиналған өнерпаздар Мұхаңның өлеңдерін оқыды, ол кісінің әндерін орындады. Сондай-ақ жиынға қатысушылар ақынның «Отырар дастаны» шығармасының желісімен түсірілген анимациялық фильмді тамашалады. Қонақтар арнайы тігілген киіз үйдегі дастарханнан дәм татып, ақынға деген ізгі тілектерін білдірді.
Бұл жиын өте әсерлі өтті. Мұхаң өз өмірінен естеліктер айтты, жиналған халыққа ризашылығын білдірді, ғимараттың салынуына қаржылай демеушілік еткен белгілі кәсіпкер Серікжан Сейітжановқа алғысын жеткізді.
М.Шахановтың шығармашылық үйі екі қабатты болып, ерекше дизайнмен салынған. Оның іші де керемет безендірілген. Онда кітапхана, шығармашылықпен айналысатын жұмыс каби­неттері, демалыс бөлмелері және қонақ қабылдайтын бөлмелер бар. Бәрі де заманауи үлгіде жабдықталған. Ғимаратқа кіргендер онда қойылған суреттер мен құжаттар ар­қылы ақиық ақынның бүкіл өмір жолымен дерлік таныса алады.
10 шілде 2018 ж. 1 475 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 504

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930