» » Отанды сүю – отбасынан

Отанды сүю – отбасынан

Жуырда №107 орта мектепте осындай тақырыппен аудандық білім бөлімінің іс-шара жоспарына сәйкес, «Рухани жаңғыру» стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 5-10 сынып оқушылары арасында аудандық жас ақындар айтысы өтті.
Өнер сайысының шымылдығы Тұрым­бет Салқынбайұлы атындағы өнер мектебінің Дүр Оңғар ауылындағы жыр-терме класының домбырашыларының құттықтауымен басталды. Байқауға аудан бойынша 5-10 сынып оқушыларынан 18 оқушы қатысып, бақ сынасты. Айтыс барысында жас ақындар шебер сөз құрау мәдениетін, көркем тіл дарындылығын, ұшқыр ой тапқырлығын көрсетіп, көптің көңілінен шыға білді. Ақындардың өнері барша көрерменді қуанышқа бөледі.
Айтулы шараға республикаға танымал айтыскер ақын, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері, Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұхтар Ниязов арнайы шақырылып, қазылар алқасына төрелік жасап, жас ақындардың өнерін тамашалады. Шара барысында жас ақындар ­«Отанды сүю – отбасынан» тақырыбында, оның iшiнде ­Отанды сүю, құрметтеу, Отанның кішкентай бөлшегі отбасының құндылықтары жайлы емiн-еркiн жырлап, туған елге деген құрмет пен патриоттық рухты қалыптастыруды тілге тиек ете отырып, бір-біріне сұрақ қою арқылы ой тапқырлығын көрсете білді.
Аудандық айтыста елімізге танымал айтыскер ақын М.Ниязов, аудандық білім бөлімінің басшысы Д.Нәзікбаев, айтыскер ақын С.Әділбеков, аудандық өнер мектебінің мұғалімі Б.Аққалиев, облыстық мәслихат депутаты, меценат, "Жаңажол" ЖШС директоры О.Төлепов, Қармақшы ауданының "Құрметті азаматы" Б.Әбішова, аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Тоқшылықова жас таланттарға жылы лебізін арнады. Салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды айшықтай түсетін ең ұлы мәдениетіміз халық ауыз әдебиетінің айтыс жанры. Ұстаздар қауымы осындай үлкен шараға демеушілік жасап, қамқорлық көрсеткен «Жаңажол» ЖШС директоры О.Төлеповке ризашылықпен, мәдени іс-шараға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Ақындар айтысының нәтижесінде ІІІ орынды №250 мектеп-лицей оқушысы Қайсар Карабдинов, №107 орта мектеп оқушысы Санжар Қайыржанұлы, ІІ орынды №29 мектеп оқушысы Бекқанат Смайылұлы, І орынды №250 мектеп-лицей оқушысы Ердәулет Орынбасаров иеленді.
Ләззат ЕШНИЯЗОВА,
№107 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
13 мамыр 2021 ж. 822 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031