» » Мұхтар Ниязов – үшінші мәрте «Алтын домбыра» иегері

Мұхтар Ниязов – үшінші мәрте «Алтын домбыра» иегері





Айтыстың ақтаңгері Мұхтар Ниязов бүгін үшінші мәрте «Алтын домбыра» иегері атанды.
Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Nomad City Hall залында «Абай тағылымы – Тәуелсіздіктің тірегі» атты республикалық ақындар айтысының ақтық мәресі өтті.
Дүбірлі доданың нәтижесінде Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Алтын домбыра» мен республикалық ақындар айтысындағы бас жүлдені Мұхтар Ниязовқа табыстады. Ал 1-орынды Бекарыс Шойбеков, 2-орынды Еркебұлан Қайназар, 3-орынды Серік Қуан иеленді.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында еліміздің мәдениет саласына, оның ішінде ұлтымыздың дәстүрлі айтыс өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Дариға Мұштанова, Серік Ыдырысов, Ақмарал Леубаева, Әбілхайыр Сыздықов, Жібек Болтанова «Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Айта кету керек, бүгінде Мұхтар Ниязов Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарады.
09 желтоқсан 2020 ж. 1 117 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930