Шайырлар өңірінің шамшырағы
Ұжымдастыру. Ұлы Отан соғысы, одан кейiнгi халық шаруашылығын қалпына келтiру кезеңдерiнде жұртшылықты игiлiктi iске жұмылдыруда газет өзінің шын мәніндегі ұйымдастырушы екенін көрсете білді. Әсіресе, екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында iзденiспен, шығармашылықпен жұмыс жүргізіп, қалың бұқараның күш-жігерін қайрады, сенімін арттырды. «Қазақстанның колхозшылары жауды толық қырғанға дейiн ұлы сталиндік вахтаға тұрыңдар», «Қуатты Отанды қорғау қорын жасау үшін», «Барлық шаруашылық аппарат соғысқа бейiмделіп, аяғынан тік тұрғызылсын», т.б. деген ұрансөздер газетке нөмiр сайын жазылды. «Біз жеңеміз», «Барлық күш – майданға» деген тақырыптар газеттің әрбiр нөмiрiнен түскен жоқ. «Сертiмiз бен iсiмiз бiр жерден шықсын», «Ажал мен Гитлер», «Фашизм балалардың да жауы», «Жеңiс бiздiкi, ол күн қашық емес», «Совет халқы советтік Отан үшін күресте», «Кеңестер Одағының Отан соғысының үш жылы. Ұлы державалардың Гитлерге қарсы майданы», «Барлық күштi жауды талқандауға жұмсайық», т.б. тақырыптарда аты айтып тұрғандай, елдi жауға қарсы күш біріктіруге шақырып, ертеңгі Жеңіс күніне сенім ұялатты.
«Сын сағатта» деген айдар бойынша тылдағы еңбек адамдарының соғысқа жәрдемі ұдайы жазылса, «Майданнан» және «Майданнан хат» деген рубрикаларда «Жауды құртамыз», «Қазақ халқының майдандағы қазақ жауынгерлеріне хаты», т.б. сынды соғыстағы жауынгерлер елдегі ағайынға хат жазу арқылы жауды жеңуге сенiм ұялатып, елдегі ағайынға соғыс жауынгерлерiн қажырлы еңбегімен, сүйіспеншілігімен жігерлендiрiп отырды. Сондай-ақ ақындар М.Жүсіпов «Жау жеңілді, жауды жеңеміз», «Аттанды елім», С.Томанов «Қызыл ерлер», «Өлетін ит ұлиды», Ғ.Молдабаев «Сталин – бүгiн Ленин», А.Әбдікәрім «24 жаста қаһарман», Ә.Ахметов «Жасасын, бiздiң жауынгер!», т.б. өлеңдерін газет бетінде жариялап тұрды.
«Совет информ бюросынан», «Партия тұрмысы», «Мал шаруашылығы», «Ауданымызда», «Ақындар айтысы», «Көктем ericі», «Агрономиялық кеңес», «Колхоздың eric даласында», «Оқу майданындағылар», «Тексерілсін», «Көптiң тiлегiнен қорытынды шықсын», «Редакцияга хат» деген рубрикалар тұрақты шығарылды.
Шаруашылық жайы да назардан тыс қалған жоқ. «Көктем егiсiне қарттар да, жастар да бiрiмiз қалмай қатысайық», «Көктемгi егiске большевикше әзірленейік», «Пішен шабудың қарқыны барынша күшейтілсін», «Мемлекеттiк соғыс заемына берген ақшамызбен неміс басқыншыларын қиратуды тездететін қару-жарақ жасап шығарамыз» деген ұрандарды жыл мезгiлi мен науқан сайын көруге болады. Сонымен қатар «Күріш орағына мінсіз әзірленіп, тез жинап алайық», «Күрiш орағына кірісті», «Күріш орағын үлгiлi аяқтау үшін күресеміз», «Егіннің бір дәнін де ысырап етпей жинау керек», «Күріш ору жұмысы қызу жүруде», «Күрiш ору, мемлекетке астық тапсыру тез аяқталсын», «Мал шаруашылығында жаңа табыстарға жете береміз», т.б. мақалалардан аңғарамыз. «Көктемгі егіске жақсы әзiрленудеміз», «Оқушылар сабақты жақсы оқиды». «Жиылыстан кейiн», т.б. тақырыптармен мектеп директорлары мен колхоз председательдерi де газетке есеп берiп отырған. «Өтегенов – үлгілі теміржолшы». «Тарысын орып болып, күріш орағына дайындалуда», «Cөзіне ici caй», «Әбуов пен Сармолдаев», «Сауыншы Аубакова пен бақташы Бекжанов, «Қажырлы қарт», т.б. еңбек адамдарын да насихаттап, көтермелеп отыруды ұмытқан жоқ. «Бруцеллез ауруы туралы», «Сиырдың сүтін қалай арттыру керек», «Емшектегі балаларды асқазан-ішек ауруынан сақтай біліңіздер», т.б. дәрiгер кеңесi де газет шығарушылар назарынан тыс қалған жоқ. Сын мақалалар да газет мазмұнын арттырып отырды. «Станцияларда тазалық және мәдениеттi тәртiп жоқ», «Жұмысы әлi жақсармаған ұйым», «Масақты теріп алмай, мал жайып қоя берген», «Кешірімсіз артта қалған колхоздар», «Мектептің мәдениетсiздiгiне кiм айыпты?», «Мектеп отынсыз, оқуға мүмкіншілік жоқ», «Мал өсіруге жауапсыздық», «Шаруашылық сайман ремонты әлі нашар», «Бұл қандай жауапсыздық?», «Ескерусіз қалған» деген мақалалар соның дәлелі.
Соғыс жылдарындағы газет тiгiндiсiн парақтап отырып, Сәбит Мұқановтың «Тамаша жыр» өлеңі, аға лейтенант (газетте «үлкен лейтенант» деп берiлген – ред.) Жекен Жұмаханов жазған «Кенесарының жиенi», «Жақайдың Ыбырайы» деген мақалалар және «Ақындар айтысы» деген рубрикамен берiлген «Тыңда, ақын Төлеубай», «Құлақ сал Байназар» тақырыбындағы жазба айтыс назар аудартады.
«...Төлеуханов капитанға рапорт бердi.
– Жаудың күзетiнде кездестiк. Бәрiн өлтiруге тура келдi. Бiр неміс офицерiн алып келдік. Тапсырмаңыз орындалды, – деді ол.
Қоңырдың өз шекесiнен де тарам-тарам қан ағып тұр еді. Мұны көрген капитан:
– Бөлiмге қайт, жараң асқынып кетедi, – деді оған.
– Жоқ, қайтпаймын, капитан жолдас, - деді Қоңыр.
– Here?
– Менiң нағашым – Қасымұлы Кенесары жауын жеңбей керi қайтпайды екен. Оның тұқымы мен бұл ата дәстүрiн бұза алмаймын.
– Жарайды, батырым! – дедi капитан Қоңыр Төлеухановтың өз шешесі Кенесарының туған немересі. Қоңыр – Кенесары – Наурызбайдың жиенi деп жазады мақала авторы.
1942 жылдың 22 сәуiрiнен 1946 жылдың 1 қаңтары аралығында газеттiң жауапты редакторы Сахи Жарылқасынов болды. Ол арнаулы оқу орындарында оқып бiлiм алмаса да қазақтың әдеби тiлiне жетiк, сауатты адам болған. «Менiң тiлге деген құштарлығым ауылда молда мектептерінде оқып жүргенiмде басталған еді. Бiлiмдi молдалардан арабтың төте жазу қадым қарiптерiн үйренiп алған соң, сауат ашу мектептерiнде латын, кириллицаға ден қоя бастадым» деп жазады өзі туралы. Сәл шегініс жасасақ, 1934 жылы Жалағашта Қаракеткен МТС-тің саяси бөлiмi жанынан дербес басылым «Колхозшыны» шығару қолға алынып, оған «Екпінді» газетін шығару ісінде тәжiрибесi бар Сахи Жарылқасынов редактор болып тағайындалады. Соғыс жылдары Сахи Жарылқасынов Қармақшыға қайта оралып, жазу iсiнде алғашқы қадамын бастаған «Екпіндіде» редактор болады. Бұл кездері газет атауы «Қызыл ту» болып өзгертілген еді. Осы орайда айта кетейік, Қармақшы аудандық газетiнде өшпес қаламгерлік қолтаңбасы қалған Сахи Жарылқасыновтың кiтаптың осы тарауында аты аталатын Рашид пен Алмат есімді ұлдары да елге белгілі тілшілер сапында талмай еңбек етті.

(«Сыр журналистикасының тарихы» кітабынан
Басы өткен сандарда: https://qarmaqshy-tany.kz/kogam/22720-shayyrlar-rn-shamshyray.html