» » » Батырларға тағзым

Батырларға тағзым

Биыл – Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл. Тарих қойнауына кеткен сұрапыл соғыс бүкіл қазақ еліне жазылмас жара болып қалғаны белгілі. Қара жердің бетін қанға бояп, қанша жанға қасірет қамытын кигізген отты жылдың қай жағынан алсақ та, жақтап алар тұсы жоқ. "Интернационалдық борышын өтеу керек" деген үкіметтің өкінішті ұранының арқасында өрімдей жап-жас жігіттер ауған жерінің топырағын басып, қиыншылықтың дәмін татты.
Он жылға жуық бөтен елдің мүддесін қорғаған Ауғанстандағы шектеулі контингент әскерлері құрамында Қазақстаннан 22269 жауынгер өздерінің интернационалдық міндетін атқарды. Мұздай қаруланған лаңкестермен тоқтаусыз соғыс жүргізді. Қаншама сарбаз ерлік жолында мерт болса, енді бірі сол қырғыннан Отанымызға мүгедек болып оралды. Әскери борышын өтеуге аттанған жүздеген бозбала туған жеріне оралмады.
Ерлік жолында қаза тапқан жандарды еске алып, құрмет көрсету болашақ ұрпақтың парызы. Атаулы дата күні батырларға тағзым етуді қармақшылықтар да ұмыт қалдырған жоқ. Аудан орталығындағы "Жастар" саябағында орналасқан ескерткішке жиылған жұрт гүл шоқтарын қойып, Ауған соғысында қаза тапқан азаматтарға Құран бағыштады. Сонымен қатар жат елде қыршын кеткен жауынгерлерді 1 минут үнсіздікпен еске алды.
Мұнан соң аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев аудан әкімдігінде ауған соғысының ардагерлерін қабылдады. Отан алдындағы борышын адал атқарып, жат елде жанқиярлық ерлік көрсеткен батырлардың әрекеті ешқашан ұмытылмайтынын тілге тиек етті.
– Сіздер Отан алдындағы бо­рыш­­тарыңызбен Ауған еліндегі міндеттеріңізді бітімгершілікпен адал атқардыңыздар. Сол кездегі қайсар ерліктеріңіз бүгінгі жас ұрпаққа үлгі болса, Тәуелсіздік Қазақстан халқы үшін қастерлі ұғым, өшпес құндылыққа айналды. Болашақ жас буынды патриоттық рухта тәрбиелеуде сіздер әлі талай еңбек етіп жол көрсетесіздер деген сенім білдіреміз. Ерліктеріңіз ел есінде мәңгі сақталады, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Басқосуда ардагерлер аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Жиын соңында "Ауғанстан және аймақтық соғыс ардагерлерінің кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асқар Ерманов сөз сөйлеп, құрмет көрсеткен барша жандарға алғысын білдіре отырып, "Соғыстың соңғы куәгері біз болайық" деп сөзін түйіндеді.

Ерсін СӘДУҰЛЫ

19 ақпан 2022 ж. 905 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031