» » » Қариялар – ұрпақ ұлағаты, өнеге бастауы

Қариялар – ұрпақ ұлағаты, өнеге бастауы

Қорқыт ата көшесінің бойына орналасқан «Ертөстік» балабақшасының тұсынан өткенімде есіме Айшық атам түседі. Өйткені, бұрын осы жерде атамның үйі болған. Жоғары оқу орнының соңғы курстарында оқитынмын. Жазғы демалысқа келгенімде анам  «Атаң хәл үстінде, ертең кіріп шығайық» деді. Жатаған үйдің іші алакөлеңкелеу. Атам өрелеп төсеген ақ киіздің үстіне жайылған төсекте шалқалай жатыр екен. Менің келгенімді сезгендей болып әлсіз саусақтарын айқастырған қолын жазып жоғары көтергісі келді. Бірақ дәрмені жетпеді. Қимас сезім көкірегімді қысып атам жатқан үйден әрең дегенде сыртқа шықтым. Иә, көз алдымда сол  атам  үйінің орнында зәулім балабақша ғимараты тұр. Сәбилердің шат-шадым  күлкісі, бірін-бірі қуысып ойнаған қылықтары атамды іздеп құлазыған көңілімді әп сәтте айықтырып, тәтті бір сезімге  жетелеп ала жөнелді.
Атам  біздіңүйге жиі келуші еді. Сәбилік шақтанбауыр басқандықтан ба, ол кісі келетін жол жаққа қарап жүруші ем. Еркелететін, мадақтайтын, сендей бала ешкімде жоқ дейтін. Ес кіргенде ғана білдім. Атамның не үшін таяқ ұстайтынын. Еш көзі де көрмейді екен. Таяғымен түртінектеп жүріп үйді тауып  келетін. Кейін мен атама көмекші болдым. Ақ таяқтың бір ұшы менің қолымда, екінші ұшы атамның қолында, сөйтіп атам қалаған туған-туысқанның үйіне  барамыз. Атам жүрген жер береке мен мереке. Барған үйіміз атамды хандай қарсы алып, патшадай күтетін.
Айшық атам ұзын бойлы, қолындағы  саусақтары салалы еді. Ат жақтылау ақ құба өңінеәсемдеп  қойған сақал-мұрты жарасып тұратын. Сырып тіккен  қара пұлыш шапанындай  жиегіне құндыз ұстаған дөңгелек қара бөрікті тек атам ғана киетін сияқты. Бөркінің ішінде қазақы қара тақиясы болатын. Барған  жерінде бөркін шешіп қойып  тақиясымен отыратын. Алдына жайылған дастарқандағы астан аузынаанда-санда ғана  салып әңгімесінің  дүкенін ашатын.
Мен атамның осы әңгімесінің дүкенінен талай баға жетпес асылды теп-тегін алдым емес пе?!  Әжем Айшық атамды «Молда бала» дейтін. Кейін білдім. Атам Өзбекстанның Бұқарақаласындағы  «Көкілташ»  медресесінде тәлім алған талантты шәкірт болған. Әңгімесінің көбі толғаулы жыр болатын. Осы жырларды атам жатқа айтатын. Жаңа туған  жас сәбиге ат қою, бата беру, азалы жерге барғанда көңіл  айту, Құран оқу,  ренжіскен ағайын арасын бітістіру  атамның өзгермейтін жұмыстары. Атам Құранды өзгеше сазбен  оқушы еді. Атамнан кейін  мұндай сазбен Құран оқушының даусын тек Мекке қаласындағы Әл-Харам мен Мұхаммед  Пайғамбар (с.а.с) мешіттерінен ғана кездестірдім.
Еліміз Тәуелсіздік алып сынығымызды бүтіндеп, жоғалтқанымызды іздеп табуға ұмтылған тұста Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың қабылдаған «Мәдени мұра» бағ­дарламасымен жұмыс жасадық. Облыстық «Сыр бойы» газетінің бір қиындысы қолыма түсіп оқыдым.
Онда ауыз әдебиеті мұраларын жинаушы Балтабай Адамбаевтың «Сырға сапар» деген очеркі жарияланыпты. Очерктің өн бойы менің атам Айшық Момынов туралы екен.
Иә, менің жоғары оқу орнында төрт жыл оқыған білімім – Айшық атамның  дастарқан басында айтқан әңгімелері еді ғой.  Біз Тәуелсіздік алған тұстағы рухани өмірімізге алғаш нұрдай сәуле шашқанжа­ңалықтың  бірі – БҰҰ-ның шешімімен  1991 жылдың 1 қазанын «Қарттар күні» деп қабылдау. Қазақ елі содан бері жыл сайын  «Қарттар күнін» ұлықтап мерекелейді.
Үл­кенімізді сыйлап, қарттарымызды құрметтеп, ардагерлерімізді ардақтаудың тамаша шаралары жасалып, жүзеге асып жатыр.
Бүгінде дәстүрімізге дендеп еніп, тамыры тереңдеп келеді. «Қарттар күнін» бүгінде «Ардагерлер күні» деп те атайтынымыз бар. Негізінде екі атаудың да барып тоғысатын арнасы бір.  Олай дейтінім, энци­клопедиялық кітаптарда «Екі мың жылға кейін шегініп, ежелгі Рим дәуіріне көз тастап көрейік. Сол уақыттың өзінде, біздің жыл санауымыздан бұрын-ақ ардагер (ветеран) деген ұғым болған. Латын тіліндегі «ветеранус» сөзінің мағынасы – «қартайғанша еңбек етті», «құрметті қарт» екен. Рим сенаты, ақсақалдар кеңесі ақылдаса отырып жастары жеткен, енді соғысуға жарамайтын, бірақ сыйлы, қадірлі  солдаттарды ерекше құрметтеп «ветеран» деп атауға келіскен. Жылдар өткеннен кейін ол жаңа мағынаға ие болды. Бұл ат тек қана солдаттарға емес, аянбай еңбек еткен, үлкен жауапкершілікпен өмір кешіп егде тартқан адамдарға да беріліп жүр» деп жазылған. Әлем елдерінде осылайша қарттарды құрметтеу ежелден  бар үрдіс екен, осы бізде неге кеш деген ұғым тумас үшін тарихымызға  жүгініп,тағылымымызды таразыласақ болады. Бұған біздің көне жазбаларымыз бен тарихи ескерткіштеріміз жауап береді.Б.з.д. IV-VI ғасырлар аралығындағы «Күлтегін», «Тоныкөк»  ескерткіштері, ХІ ғасырдағы  М.Қашқаридің түрік сөздігі  кітабы небәрі он сегіз айдың ішінде Баласағұн қаласында 1069-1070 жылдары жазылған.Жүсіп Баласағұнның  «Құдатғу білік» дастаны, Ахмет  Яссауидың «Диуани Хикмет» кітаптарындағы дидактикалық сарын, ақылмен берілетін өсиет сөздер үлкендерден, қарттардан қалды. Ендеше ат қойып, айдар тағылмаса да біздің тегіміз, түбіміз өзінен кейінгі ұрпақ игілігін асқан жауаркершілікпен атқарып  кетті.
Ат ауыздығымен су  ішіп, ер ет­ігімен су кешкен замандардан бастап бүгінге дейін жалғасып келген бабалар сөзі – ақылдың көзі.
– Белге айылдың батқанын,
Иесі білмес, ат білер.
Жігіттің  жақсы жаманын
Жақыны  білмес, жат білер, – деп
келетін  даналықсөздерді Сыр өңірі шайырларының шығармаларының әрбір  өлеңжолынан  кездестіруге  болады.Дариядай  тасыған  қария сөздерін  тыңдап өскенұрпақ өкілдері шыдам ментөзімнің, ұят пен ардың, салт пенсананың, пайым мен парасаттың, ақыл мен білімнің,  тағылым ментәрбиенің,  талап пен таланттың,  еңбек пен  ерліктің нағыз иелері.
Қарттарымыздың  өзінен кейінгі  өсіп келе жатқан  ұрпақалдындағы  жауапты  қызметіқаншалықты  болса, жастардың да қарттарды, соғыс  ардагерлері  менеңбек  ардагерлерін  құрметтеу,сыйлау деңгейінің  өлшемі болмауы тиіс.
Елімізде Ұлы Отан соғысына  қатысқан  ардагерлерімізден  қалмады да, ал тыл ардагерлері мен ауған соғысы ардагерлері  саусақпен  санарлықтай ғана.
Ұлы  Отансоғысының  Батыры Т.Көмекбаев пен Социалистік Еңбек Ерлері Қ.Ізтілеуов,С.Жұмабекова, Ә.Хайруллаев, Цай Ден-Хак, Пак Чин Ир  бүкіл адамиболмысымен кейінгі  ұрпаққа  ұлағаттыжол салып кетті.
Әке рухын, халық  Батырының даңқты  жолынұлықтау мақсатында жылма-жылауданда  спорттық  жарысты Халықаралық деңгейде  өткізіп келе жатқан Бағбан Тәйімбетовтың өнегелі жолы ұрпақ жалғастығы емес пе?!
 Бұл да кезінде ауылынан екі бірдей Еңбек Ері шыққан талантты шәкірттің аталары мен ағалары өнегесін жаңғыртуы емес пе?
Мұндай мысалдарды ауданымызда спортты биік сатыға көтеріп, атын шығарып кеткен марқұм Жарбосын Құндақбаевтан, құрылыс саласыныңмайталман  жұмысшысы болған Қаншагүл Жүнісовадан,  уақытында механизатор  қыздар көшін бастаған бүгінде зейнет  демалысындағы Бибігүл Әбішевадан, кітапханашы  Ләйла Сыздықовадан, дәрігер, ауданның құрметті азаматы Шерғазин Владимирден, жырау Бидас Рүстембековтен көптеп кездестіруге болады.
Бүгінде республикамызда Ұлы Отан соғысының ардагерлері665 болса, тыл ардагерлері 1025-ті құрайды. Рес­публикамызда Ардагерлер кеңесін басқарып келе жатқан Өмірбек Озғанбаевмырзаның  және ардагерлер  кеңесіне тартылған мүшелерінің ұсынымдары   мен ой-пікірлерінің  нәтижесіндееліміздің  күрделі  салаларындаболып жатқан  оң  өзгерістерді көріп  отырмыз. Олай болса, 2007 жылдан бері үкіметтік емес  ұйым ретінде  жұмысжасап келе жатқан аудандық«Ардагерлер кеңесінің»  де ауданымыздың экономикасы  мен  саяси және мәдени  салаларыныңдамуы  барысында өзіндік алар орны ерекше.
Талай жылғы  жинақтаған бай іс-тәжірибесі бар ардагерлеріміздің  өз ізбасарларына,  өсіп келе жатқан жас буынға берері мол. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетовтің басшылығындағы аудан ардагерлері тағылымды тақырыптықкештер мен «Ғибратты ғұмыр» атты мерейтойлық  жастысалтанатты түрде атап өтуді дәстүрге айналдырды.
Аудан әкімінің қамқорлығы мен қолдауының арқасында жыл сайын 1 қазан – Қарттар күні сапалық жоғары деңгейде өткізіліп келеді.
Әлеуметтік  қолдауға зәру отбасылары мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек  қолын беруді ұйымдастыру мен алтын және күміс алқалыаналарды ардақтау – аудандық «Ардагерлер кеңесінің»  абыройлыміндетінің маңыздысы болып келеді. Аудан мерейін  көркейтіп келе жатқан «Әжелер» ансамблі мүшелері өз құрамын  ізбасар  буын өкілдерімен  толықтырып, соңдарына жарқын із қалдыруды мұрат етіп келе жатқан  мирасқорлар деп  айтуымыз заңды.
Иә, хакім Абай атамыз «Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел, алдыңғы толқын – ағалар, артқы толқын – інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер» деп ой түйгеніне  қарап, қарттарымыздың соңын алып келе жатқан  жастарға артар  үмітіміз зор.
Таяуда ғана аудан әкімінің тағайындауымен жастарды қолдау  орталығына басшы  болып барған талантты айтыскер жас Сырым Әділбековтен күтер жақсы жаңалықты істер мол болса керек. Қарттарымыз ел қариясын қадірлеу мен ауыл ақсақалының абыройын асқақтатар ұрпақтың  өсіп келе жатқанын көру бақыты бұйырсын бізге деп тілейді ғой.
Қазыналы қарттарымыз бен саналы жастарымыздың арасын жалғастырар адами құндылықтың алтын көпірінің  болашағы бекем, жолы даңғыл болғай. Сонда ғана тәуелсіздігіміз тұрақты, бейбітшілігіміз баянды болары хақ.
Қашанда халық билеген  хандардың қасында аузы дуалы ақылдың кені қариялар болғаны тарихымыздажазулы. Хандар да ақылды қарияның сөзін аяқ асты етпеген. Ел іргесі сөгілмеген бірліктің  кілті болып келген қариялар сөзі қашанда ақылдың көзі боп қалды.

Талайлы ДОСЫМОВА,
білім және мәдениет саласының ардагері, ҚР білім беру
ісінің үздігі                    
28 қыркүйек 2021 ж. 689 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 047

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031