» Атам салған сара жол

Атам салған сара жол

Қазақ тарихында ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 74 жыл толды. Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Бұл күн – аталарымыздың батырлығы мен жанқиярлығы, өз Отанына деген шексіз сүйіспеншілігінің арқасында қатал соғыста жеңіске жеткізіп, еркіндікті алып берді. Мен Ұлы Отан соғысына қатысып, еліміздің жеңіске жетуіне өз үлесін қосқан елдің ақыл айтар ақсақалы – Әбдіхалық Мұратов атамды мақтанышпен айтқым келеді. Ол 1917 жылы шаруа отбасында дүниеге келген. Атам соғыс басталғанда буыны қатпаған бозбала болса да еш ойланбастан соғысқа аттанған. Соғыс зардабы кім-кімге де ес жиғызбаған. 1945 жылы соғыс аяқталса да соғыстан кейінгі уақыт ең қиын кезеңдердің бірі болған. Қаншама жауынгерлер жаралы оралса, қаншама адамдардың үйіне күн сайын қара қағаз жіберіліп жатқан. Атам өзінің соғыстан аман-есен келгеніне құдайға шүкіршілік етіп, бейне бір майданды кино лентасынан көріп тұрғандай көз алдыңа елестетіп, бізге айтып беретін. Соғыстан кейінгі қиын-қыстау уақытта ерінбей еңбек етіп, халыққа қызмет етті. Осындай еңбекқорлығының арқасында атам Даңлыбаева Ырсалды әжеммен бас қосып, үш қыз, екі ер бала тәрбиелеп өсірді. Оларды оқытып, өмірлік жолын дұрыс табуына үлесін қосқан. Қызды – қияға, ұлды – ұяға қондырып, немере сүйді. Атам көзінің тірісінде балаларына, немерелеріне бар білгенін айтып, санасына сіңіруге тырысатын. «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» – деген қазақ халқы. Атам мен әжем бар кезде ауылдың ақсақалдары мен әжелері үйімізге қонақ болып келгенде тәлімі мен тәрбиесі мол, жаныңа рухани азық болатын әңгімелерін естіп және әжемнің айтып беретін ертегілерін тыңдап сусындап өстік.
«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» – дегендей, жасаған ерен ерлігін, бізге деген аталық мейірімі мен тәлім-тәрбиесін ешқашан ұмытқан емеспіз. Атам тірі кезде мен мектепте оқушы едім. Жыл сайын мектепке Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік кешке шақыратын. Атамның бір үлгі боларлық қасиеті – шақырған жерден қалмайтын, дәл уақытында баратын әскери тәртібі бар болатын. Сол кештерге омырау толы медалін тағынып келіп, оқушыларға соғыс уақытында басынан өткерген оқиғаларын жіпке тізгендей қылып айтып беретін. Кейбір оқушылар ерлігіне таңдана, ал біреулері көздеріне жас алып атамды ұйып тыңдайтын. Кеш соңында мектеп мұғалімдері, оқушылар «Катюша» әнін айтуына атама қолқа салатын. Ешкімнің көңілін қалдырмайтын, өзінің қоңыр үнімен, құлаққа жағымды естілетін дауысымен, әннің қазақша нұсқасымен қоса орысша нұсқасында орындап, жас жеткіншектерге өз батасында беретін еді.
2003 жылы мен 9 сыныпты бітіріп, оқуға емтихан тапсыруға кеткенімде атам тамыз айының төрті күні қайтыс болды. Маған осы жайды естірткенде үстіме біреу суық су құйып жібергендей сезімде болдым. Ата-әжем көзі тірісінде бес уақыт намазын қаза қылмайтын, жылына бір рет келетін айлардың ұлысы – рамазан айында оразасын тұтатын. Күндердің ұлысы – Қадір түнінде тілегін тілеп, Құрбан айтта зекеті мен пітірін беретін иманды кісі болатын.
Атамның есімі, ерлігі, жадымызда мәңгі қалып, өнегесі болашағымызға күш, қайрат, рух береді. "Ер есімі – ел есінде” – демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған атамның ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге мәңгі шуағын шашпақ.

Гүлзира МҰРАТОВА
---
27 қыркүйек 2019 ж. 1 855 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 051

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031