» » Менің атам майдангер

Менің атам майдангер





Мен майдангер шөбересімін, бақытты баламын. Менің отбасымда әкем мен анам, ағаларым және кішкентай сіңілім, мектепте достарым бар. Биылғы Ұлы Жеңістің 76 жылдығын онлайн болса да қуанышпен қарсы алмақшымын. Себебі жеңіске біздің аталарымыз бен апаларымыз өз үлестерін қосқан. Соғыс, майдан деген ауыр сөздерді тек теледидардан және әкем айтқан кезде ғана білдім. Менің елімде кейбір мемлекеттер сияқты соғыс болып жатқан жоқ. Кейде көшеде медальдарын тағып жүрген аталар мен әжелерді көргенде қызыға да таң қалып қарайтыным рас. 1941-1945 жылдары КСРО деген алып елге гитлершілер бастаған неміс армиясының шабуылдағанын да өсе келе түсініп келемін. Осы соғыста қара ниетті гитлершілер жеңіліп, әділдік пен жақсылық жеңіске жеткен. Майдан, соғыс дегеннің адамдарға және жан-жануарларға тигізетін қасіреті көп. Өйткені соғыста адамдарға оқ тиіп жараланады, балалар әке-анасыз жетім қалады және улы оқтар табиғатты бүлдіреді. Ұлы жеңіске менің қос бірдей атам, ағайынды Жылқыбай Өтегенов және інісі Мырзабай Өтегеновтер қатысқан. Мен олардың көзін көрген жоқпын. Бірақ әкем ол кісілер туралы, ерліктері жайында әрдайым мен олардың бізге айтып отырады.
Жылқыбай Өтегенов 1898 жылы Тұрмағамбет ауылында дүниеге келген. Жастайынан әкеден жетім қалған ол еңбекке ерте араласады. Содан болар өжет те өткір мінезді, бір сөзді болып өсіп шаруашылықта өзінің еңбегімен елге танылады. Атам Ұлы Отан соғысы жылдары тылда қалып, ауылдық кеңестің төрағасы ретінде ауылдың негізін қалауға, еңбеккерлерді ұйымдастыра отырып майданға арналған шаруашылық заттарын, әскерге киім-тамақ дайындауға үлесін қосады.
Ал інісі Мырзабай Өтегенов 1901 жылы туған. Атам елде жүргенде аңшы, құралайды көзге атқан мерген, көкпар тартып күреске түсетін қарулы кісі болған екен. 1942 жылы қараша айында әскерге шақырылып Аягөз қаласында қысқа мерзімді дайындықтан өтеді. Сол жерден артиллерист мамандығын алып майданға жіберіледі. Әскерде зеңбіректің снайпері болып нысанаға дәл көздеп тигізеді екен. Сондықтан командирі аса жауапты нүктені атуға атамды таңдап алып отырған көрінеді. Жас күніндегі аңшылық құрып, мергендік танытқан қасиеттері майдан даласында іске асқан. Атамның соғыстағы ерліктері жайлы әкем бізге былай әңгімелеп берген болатын: «Бір күні түнде мені командирім штабқа шақырып (жалғыз өзімді) жау жақтан бір дыбыс шығып тұр, шамасы мынадай қашықтықта» деп аса маңызды тапсырма беріледі. Айтқан қашықтықты белгілеп, зеңбірегімен екі дүркін атады. Таңертең бөлімшенің солдаттарын сапқа тұрғызып, Өтегенов екі қадам алға дегенде біртүрлі қорқып кеттім, сөйтсем, түнде мен нысанаға дәл түсірген екенмін. Оны барлаушылар анықтап келіпті. Маған алғыс жариялады» деген екен. Тағы бірде әскерлер орман ішінде тынығып жатқанда оған өзеннен су әкелу керек болады. Өзенге барып, ыдысын суға батыра бергенде тұтқиылдан біреу бас салады. Атам қарулы кісі, оған дес бермей алып ұрып, байлап бөлімшеге алып келеді. Сөйтсе әкелген адамы жаудың тыңшысы екен. Тексеру барысында анықталып, атам жоғары наградаға ұсынылады. Өкінішке орай ол награда атамның қолына тимеген. Мырзабай атам Берлинге дейін барып, Кеңес Одағының Германияны жеңуіне өз үлесін қосқан кісі. Бір рет ауыр жараланған. Германияны жеңгеннен кейін атамның бөлімін Жапонияға жіберген. Соғысты сол жапон жерінде аяқтап, 1946 жылы қыркүйек айында елге келеді. Ауылға келген соң да бейбіт өмірге араласып өмірінің соңына дейін тіршілікке белсене қатысады. Қос бірдей атамның жастық шағы соғыспен тұспа-тұс келгені әрине өкінішті. Мен өзімнің аталарымның майданға өз үлестерін қосып, осынау жанқиярлық көрсеткендерін мақтанышпен айтамын.
Биыл Ұлы Жеңіске – 76 жыл! Мен өз Ота­ным Қазақстанның Ұлы Отан соғысында жеңіске деген үлесі көп екенін білемін. Қаншама батырымыз бен ардагер ата-әжеміз осы Жеңіске еңбектерін сіңірген. Сол кісілердің арқасында біздің еліміз қазір бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүруде. Біз, кейінгі ұрпақтары, олардың еңбектерін ұмытпауға тиістіміз. Соғыс деген сөз суық естіледі. Жер бетінде ешқашан соғыс болмағанын тілеймін. Мен өзімнің аталарыммен әрқашанда мақтанамын.
Жансұлу ЕРМЕКҚЫЗЫ,
С.Есқараев атындағы
№27 мектептің оқушысы
10 мамыр 2021 ж. 3 331 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 995

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031