» » » НАҒАШЫ ӘЖЕМ ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІК

НАҒАШЫ ӘЖЕМ ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІК

Ұлы Отан соғысының ардагері, бейбіт өмірдегі ұрпаққа тәрбие беруде еңбек еткен Бегалиевтер әулетінің қадірлі анасы, менің нағашы әжем – Бегалиева Ұшыға туралы естеліктер жазғым келді.
Кешегі сұрапыл соғыс жылдары еңбектеген баладан еңкейген қарияларға дейін жұмыс түрін таңдамай, уақытпен санаспай жұмыс жасаған екен. Бесікте жатқан балаға дейін анасы жұмыстан оралғанша сабыр сақтаса, соның өзі ортақ іске қосқан үлес саналыпты. Ортақ ұрпақ «Барлығы майдан үшін,барлығы Жеңіс үшін» болыпты.Осындай ауыртпалықты ер азаматтармен қатар албырт жастығына қарамастан қыз-келіншектер де мойымай көтергендіктерін нағашы әжем айтып отыратын еді. Солардың бірі бұл күндері дүнейеден өткен, менің үлкен нағашы әжем Бегалиева Шұғаны туралы ой бөлісудемін.
Әжем де соғыс жылдары жастығына қарамастан майдан үшін қажет деген жұмыстарға көпшілікпен бірдей қатысқан. Бірде соғысқа кеткен ер азаматтардың орнына шахталардан шыққан көмірді вогандарға тиеу жұмыстарына Қарағанды қаласына қыз-келіншектерді жібере бастағанда, менің әжем де өз еркімен барып,ауыр жұмыстарға мойымай,оны көпшілікпен жұмыла көтерген.
Уақыт ауыртпалығына жас кезінен шыңдалған осындай қыз-келіншектерді, тапсырмамен Ресей жеріндегі жау ұшақтары бомбалап кеткен темір жолдарды жөндеу үшін аттандырған кезде,майдан шебіндегі темір жолдарды жөндеу жұмыстарына қатысып, алдыңғы қатарда жұмыс жасаған.
Бірде шет аймақтарды жұмыс жасап жатқан бір топ әйел кісілер немістердің қоршауында қалады. Хабар жетісімен көп ұзатпай біздің әскерлеріміз ешбір шығынсыз құтқарып алған екен. Сол сәтте қоршаудан шыққан қыз-келіншектерді жинап, жараланған солдаттарды қауіпсіз жерге алып шығуға жәрдемдесу, жарақаттарын таңу, қандарын тоқтату, дәрі-дәрмек беру сияқты жедел-жәрдем көрсету жұмыстарын тапсырып, мойындарына бір-бірден санитарлық сөмкелер іледі. Осылайша әжем неміс басқыншыларын тықсыра қуған әскерлермен майдан шебінің біршама жеріне дейін медбике қызметін атқарып барады. Талай жаралы жауынгерлерге жәрдем көрсетеді. «Жаны қиналып жатқан жаралы болғандарды көргенде жан-жағыңнан әуылдап өтіп жатқан жау оған елеп ,бұқпан тайлауға ар-намысың жібермейді екен»,-деп отыратын.
Бірде нағашы әжем ауыр жарақат алады. Жау оғы бас сүйегінің маңдай тұсынан жанап өтеді. Есін жиған кезде дала госпиталінде жатқанын бірақ білген. Елге қайтарды. Егер неміс оғынан ауыр жарақат алғаманда Берлинге дейін барып, Жеңіс туын желбіретуге қатынасатын нағыз ержүрек медбике атанары анық еді. Мен әжемнің осындай ерлік істерін әр кез ұрпақтары мақтан тұтады. Халқына қадірлі анамыз, біздің ауылдың мақтанышы жарқын бейнесі оның тәрбейесін көрген ұрпақтарының жүрегінде мәңгі сақталады.
Естелік жазған жиені - Мұхтар Айшықұлы
04 мамыр 2018 ж. 2 982 1

Stanley от 29 мамыр 2025 03:55
You actually explained it adequately. meilleur casino en ligne Regards, I appreciate this! casino en ligne Amazing plenty of fantastic data! casino en ligne francais You definitely made your point. casino en ligne Lovely postings. Regards! casino en ligne Amazing all kinds of beneficial material! casino en ligne fiable You actually revealed this really well. casino en ligne Nicely put, Appreciate it! casino en ligne Thanks. An abundance of content! casino en ligne You reported this exceptionally well. casino en ligne France

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

№38 (10406)

24 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 858
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30