» » Нағашы әжем немесе отты жылдар естелігі

Нағашы әжем немесе отты жылдар естелігі

Кешегі сұрапыл соғыс жылдары еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін жұмыс таңдамай, уақытпен санаспай жұмыс істеген. Бесікте жатқан балаға дейін анасы жұмыстан оралғанша сабыр сақтаса, соның өзі ортақ іске қосқан үлес саналыпты. Ортақ ұрпақ «Барлығы майдан үшін, барлығы Жеңіс үшін» болыпты. Осындай ауыртпалықты ер-азаматтармен қатар албырт жастығына қарамастан қыз-келіншектер де мойымай көтергенін нағашы әжем айтып отыратын еді. Солардың бірі – бұл күндері дүниеден өткен, менің үлкен нағашы әжем Ұшыға Бегалиева.


Әжем де соғыс жылдары жастығына қарамастан майдан үшін қажет деген жұмысқа көпшілікпен бірдей қатысқан. Бірде соғысқа кеткен ер азаматтардың орнына шахтадан шыққан көмірді вагонға тиеу жұмысына Қарағандыға қыз-келіншектерді жібере бастағанда, менің әжем де өз еркімен барып, ауыр жұмысқа мойымай, оны көпшілікпен жұмыла көтерген.


Сондай-ақ уақыт ауыртпалығына жас кезінен шыңдалған осындай қыз-келіншектерді тапсырмамен Ресей жеріндегі жау ұшақтары бомбалап кеткен темір жолдарды жөндеу үшін аттандырған кезде, майдан шебіндегі темір жолдарды жөндеу жұмыстарына қатысып, алдыңғы қатарда жұмыс істеген.


Бірде шет аймақта жұмысқа кіріскен бір топ әйел немістердің қоршауында қалады. Хабар жетісімен оларды көп ұзатпай біздің әскер ешбір шығынсыз құтқарып алған екен. Сол сәтте қоршаудан шыққан қыз-келіншектерді жинап, жараланған солдаттарды қауіпсіз жерге алып шығуға жәрдемдесу, жарақаттарын таңу, қандарын тоқтату, дәрі-дәрмек беру сияқты жедел жәрдем көрсетуді тапсырып, мойындарына бір-бірден санитарлық сөмкелер іледі. Осылайша әжем неміс басқыншыларын тықсыра қуған әскермен майдан шебінің біршама жеріне дейін медбике қызметін атқарып барады. Талай жаралы жауынгерге жәрдем көрсетеді. «Жаны қиналып жатқан жаралы болғандарды көргенде жан-жағыңнан зуылдап өтіп жатқан жау оғын елеп, бұқпантайлауға ар-намысың жібермейді екен» деп отыратын.


Бірде нағашы әжем ауыр жарақат алады. Жау оғы бас сүйегінің маңдай тұсынан жанап өтеді. Есін жиған кезде дала госпиталінде жатқанын бір-ақ білген. Сол себепті елге қайтарылған. Егер неміс оғынан ауыр жарақат алмағанда Берлинге дейін барып, Жеңіс туын желбіретуге қатынасатын нағыз ержүрек медбике атанары анық еді. Әжеміздің осындай ерлік істерін әркез ұрпақтары мақтан тұтады. Халқына қадірлі анамыз, біздің ауылдың мақтанышы, жарқын бейнесі оның тәрбиесін көрген ұрпағының жүрегінде мәңгі сақталады.

Мұхтар АЙШЫҚҰЛЫ
16 маусым 2020 ж. 1 195 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031