Топ-баннер
» » » ОТБАСЫНЫҢ ШУАҒЫСЫҢ АҚ ӘЖЕМ

ОТБАСЫНЫҢ ШУАҒЫСЫҢ АҚ ӘЖЕМ

Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған,
Сағынышым сары ормандай самсаған.
Ана  болып кеткенімді ұмытып,
Әлі күнге еркелеймін мен саған.  Иә, өзіміз ана болсақ та әжеміз үшін кішкентай баладаймыз. Құшағына еніп, ыстық алақанымен басымыздан сипағанда өмірімнің бәрі осындай махаббатқа толы болса екен ау деп армандап кетесің. Тыққан тәттісін немереме деп сақтайтын мейірімді әжелер қай кезде де құрметке лайық. Олардан алар өнеге қашан да  мол.  №5 «Айгөлек» бөбекжай бақшасында өткен «Отбасының шуағысың ақ әжем»  атты байқаудың берері көп болды. Үш ғана әже қатысса да он саусағынан өнер тамған олар көрермендерді керемет дүниелерімен тәнті етті. Әжелердің барлығы да тігін тігуді жақсы меңгерген болып шықты. Өздерін таныстырып, өнерлерін ортаға салғаннан кейін берілген тапсырмаларды тиянақты орындады. Тәжірибелі тәрбиеші, бала бағбаны Бақыт Сармолдина мен жас мамандар Назерке Серікқызы, Алтынай Құндыбек ұйымдастырған бұл шараны балабақша меңгерушісінің уақытша міндетін атқарушы Арайлым Жандарбекқызы да жақсы бағалады. Қорытындысында сұрақтарға ұшқыр жауап қайырған оншақты ұл мен моншақты қыздың әжесі Жәмила Төремаханова «Білгір әже», немерелеріне  жылы сөздерді  жиі айтатын Роза Әмірова «Мейірімді әже», әуелете ән салып, балапандарымен қоса шырқайтын Манат Сәуиқызы «Бұлбұл әже» номинацияларымен марапатталды. Шараға белсенділікпен қатысқаны үшін өнерлі әжелерге ұйымдастырушылар сый-сияпат көрсетіп, ақ баталарын алды.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА.
02 сәуір 2019 ж. 2 324 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 447
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728