» » » Түркістанда түмен баб...

Түркістанда түмен баб...

Әлеуметтік желінің әлеуеті артып тұр. Әсіресе әрбір мекемедегі жұмыстың қалай жүріп жатқаны, аудандағы оң өзгерістерді тұрғындар іздеп, сұрап жүрмей-ақ желіден көріп, танысып отырады. Facebook-та рухани азық беруші аудан кітапханашылары өте белсенді. Танымдық материалдар мен тағылымды іс-шараларды жариялап, өз оқырманын қалыптастырған олар өткен аптада бірінен соң бірі желіге сурет жүктей бастады. Одан аудандық кітапхана ұжымы күллі түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі қасиетті де киелі мекен Түркістанға барғанын білдік. Жаңа да жақсы бастаманың әсерін суытпай естімекке асықтық. Орталық кітапханаға кіргеннен мұндағы мамандардың көзінен қуаныш көрінеді. Бәрі де асқан шабытпен жұмысқа кіріскен. Күлшара Қаниевамен тілдесіп, ұжымның ауызбірлігін арттырған сапардың сырына қанықтық.
– Көптен жоспарлап жүр едік. Оразаның алдында рухани демалыс болсын деген ниетпен баруға бел шештік. Қалай болар екен? Автобус жалға аламыз ба? деп ойланып жүргенде жастар инстаграмм желісінде арнайы тарихи орындарға саяхаттататын тур барын айтты. Дереу хабарласып, шарттарымен келістік. 19 адамдық спринтер көлігімен таң алдында жолға шығып, бір күн бойы киелі мекеннің кереметіне қанығып, үйімізге оралдық. Түркістан – ең алдымен Ислам дінін таратушыларының бірі, сопылық ілімнің негізін қалаушы, ғұлама дегдар, әулие тарихатшы, ақын, философ Қожа Ахмет Яссауи бабамыз жерленген өңір. Араб, қытай, парсылар мен еуропалықтар көз тіккен «Ұлы Жібек жолының» ортасындағы ең үлкен қала, күллі түркі жұртының тарихи астанасы. Түркістанда жүздеген хандар мен билер, батырлар мен ақындар, әулие-әмбие мазарлары бар. Бабалар сөзімен айтқанда түмен баб жатқан киелі қабірстан. Ондай мекенге ұжыммен барған бір бөлек екен. Тек аудан орталығындағы кітапханашылар емес, ауылдық кітапхананың мамандары да бар. Көрген, білгенімізді оқырмандарымызға айтуға асығып келдік, – деді ағынан жарылып.
Ал ІІІ Интернационал ауылдық кітап­ханасының кітапханашысы Рима Тұр­манованың желіде жазба қалдырып, өзінің әсерін бөлісіпті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұжым болып әр мұсылман баруға тиіс Үкаша ата, Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барып зиярат еттік. Киелі жерлердің бірі – Үкаша ата қабірі орналасқан кесене. Құдық пен сахабаның қабірі жатқан кесене жайлы аңыз-әпсана қазір көптеген туристерді қызықтырып отыр. Естіген басқа, ал көзбен көргеніміз тіпті бөлек. Халық арасындағы аңыз бойынша Үкаша ата Мұхаммед Пайғамбардың сахабасы болғаны белгілі. Мұсылмандардың әскери қолбасшысы ретінде таныс. Сонымен қатар Үкаша ата дегенде алдымен жұрттың есіне тау басындағы құдық еске түседі. Сахабаның қабірі орналасқан кесенеге кіріп Құран бағышталған соң арасы бір шақырымдай болатын құдықтың басына жаяу тартып отырып, алдымызда кезекте тұрған 83 адамнан соң жүрегіміз дүрсілдеп, Алла берген суымызды алып, Арыс­тан баб кесенесіне бардық. Арыстан баб кесенесінің үстінде ешқашан бұлт тұрмайды дегенді тарихи әңгімелерден естіген, кітаптан оқыған едік. Жаңбырлы күн болса да, сол жердің аспаны ашық, күннің шуағы шашылып, жарқырап тұрды. Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі тарихи тайқазанды білмейтін адам жоқ шығар, сірә. Бәрін тізбектеп айтып, тарихқа тереңірек үңілсек көп нәрсені еске түсіруге болады. Әлі пайдалануға берілмеген шаһардағы «Керуен сарайында» болдық. Түркістан күн санап көркейіп келеді екен. Осындай саяхатты ұйымдастырған басшымыз Күлшара Бөгенбайқызына үлкен рақметімізді айтамыз».
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА
10 сәуір 2021 ж. 846 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 051

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031