» » » КІТАПХАНАҒА БАРДЫҢ БА, МОЛ МҰРАДАН АЛДЫҢ БА?

КІТАПХАНАҒА БАРДЫҢ БА, МОЛ МҰРАДАН АЛДЫҢ БА?

Көптен кітапханаға бас сұқпадым. Баруға уақыт таба алмағаным болмашы сылтау. Жан дүниемнің рухани жүдеп жүргенінің де себебі сол болар. Қолымыз қалт етсе ұялы телефонға үңіліп, уақыттың қалай өткенін де аңғармай қаламыз. Рухани ортамен байланысты бір ажыратсаң қайта қосылуың қиындау. Түсіне білген адамға кітап – сырлас дос пен ақылшы. Қызықты кітаптың тұңғиығына бойлай бастасаң жазушы оқиғасының ішіне кіріп кетесің де, содан өзіңше ой тұжырымдайсың, сабақ аласың, дұрыс пен бұрысты, жақсы мен жаманды ажыратасың. Кітапты көп оқитын адам белгілі бір мәселе төңірегінде тез шешім қабылдайды, есте сақтау деңгейі мен шығармашылық қабілеті жоғары, сөздік қоры бай, ойын еркін де ашық жеткізе алатындығымен ерекшеленеді. Не керек, сәрсенбіде орталық кітапханаға барудың сәті түсті. Сәті түскені қалай? Сәл сырқаттанып ауруханадан ем-дом алып жүргенмін. Көшенің қиылысында көркімен көз тартып, көпті шақырып тұратын музейдің ішінде орналасқан кітапханаға кірмей, өтіп кетуге бұдан әрі дәтім шыдамады. Тәніммен қоса жанымды да емдеуге бет алдым. Өз қызметтерін сүйіп атқаратын мұндағы көзі таныс, көкірегі ояу барлық кітапханашы құшақ жая қарсы алып, көптен келмегенімді айтқанда, бетім дуыл­дап қоя берді. Кіре беріс қапталға Елбасы Жолдауына байланысты керемет көрме ұйымдастырып, мамандардың бірі келушілерге таныстырып үлгеріп жатыр. Жан-жақтағы жаңа кітаптарды мен де көзбен бір шолып шығып, оқу залына аяңдадым.
Салада 30 жылға жуық тәжірибесі бар, 10 жылдан бері оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгеруші болып еңбек ететін, жаңалыққа құмар, жалқаулықты жаны сүймейтін, тиянақты ісімен жастарға жетекші болып үлгерген, келген әрбір оқырманмен тілдесіп, оқыған кітаптары жайында пікір алмасып отыруды дағдыға айналдырған Ләйла Сыдықова маған да орын ұсынып, «саған қандай қызықты кітап оқуға кеңес берсем екен» деді бірден. Сірә, рухани жүдеп кеткенімді сезсе керек. Жаңалық жаршысымыз ғой. Кітапты көп оқитындардың қатарында біз тұруымыз керек. Жә, келген соң құр қол қайтпайтыным анық. Апайға соңғы уақыттағы кітапхананың тыныс-тіршілігі туралы бір-екі сұрақ қойдым, екеуміздің әңгімеміз былайша өрбіді.
Бірінші өзім секілді 20-30 жас аралағындағы жандардың кітапханаға келу деңгейін сұрадым. Осылай басталған әңгімем біраз жерге дейін ойысты. Оқырмандар саны, кітап қоры, тұрақты келушілер, кітапхана ұйымдастырған тартымды да тағылымды іс-шаралар мен көрмелер, жетіспейтін сұраныстағы кітаптар, кітапханашылардың қызмет көрсету деңгейі, бәрі-бәрі сөз болды.
– Ауданда 14 кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетеді. Жосалы кентінде Абай атындағы орталық, С.Сейфуллин атындағы қалалық, аудандық балалар мен кент кітапханасы бар. Орталық кітапхананың кітап қоры – 54334 болса, оның 17264-і қазақ тіліндегі кітаптар. Қазіргі таңда 4000-нан астам оқырманымыз бар. Бұрын оқырмандардың 80 пайызын мұға­лімдер құрайтын. Кейінгі жылдары кітапханаға келуші мұға­лімдердің саны күрт түсіп кетті. Қағазбастылықтан уақыттары боса­майтын болса керек. Ал, мемлекеттік қызметшілер тіпті жоқ деуге болады. Зейнеткерлер мен мектеп оқушылары тұрақты оқырмандарымыз. Дүйсенәлі Мыхаев, Лайық Жұмалы, Тұрмахан Омаров, Үрзахия Махамбетова, Қожантай Күзенбаев, Дәмелі Жалғасбаева, Дастан Нәзікбаев, Лиза Діңкешова, Бекболат Сұлтанов, Құрмаш Омаров, Ерболат Мұрсалов, Маралбек Асқаров сынды белсенді келушілердің есімін айрықша атап өтуге болады. Бұлар аптасына бір рет кітапханаға келмесе өздерін қоғамнан тыс қалғандай сезінетіндердің қатарынан. Жұмыс істейтін жастардың кітапханаға келуі тым сирек.
-Бізде сұранысқа ие болатын кітаптар І.Есенберлиннің, Ә.Нұршайықов­тың, Д.Исабековтың, М.Мақатевтың шығарма­лары мен М.Әуезовтың «Абай жолы», Тольстойдың «Война и мир» кітабы. Жергілікті тұрғындар көбіне Бегімбай Ұзақбаевтың «Марал баба», Сәпен Аңсатовтың «Мәуелі мезгіл» кітаптарын қызыға оқиды. Бізден қандай кітап оқысам болады деп кеңес сұрайтындар, оқыған кітаптарын бөлісетіндер көп. Кейбір мектеп оқушылары сабаққа қажетті материалдармен шектелсе, №250 мектеп-лицейінің орыс бөлімінде оқитын 10-11 сынып оқушылары көркем әдебиеттер мен тарихи кітаптарды жиі алып оқиды. Жаңа орыс әдебиеттерін, детективтік (шытырман оқиғалы) кітаптарды сұрайтындар болады. Бізде әзірге ондай кітаптар жоқ, – дейді әңгіме тінін ашығынан тартқан кітапханашы.
К.Қаниева басшылық жасайтын орталық кітапханада электронды оқу залы да бар. Мұнда интернет желісі арқылы қажетті нәрсенің бәрін табуға болады. Оны күніне 3-4 оқырман пайдаланса, кітапханаға 18-20 оқырман келеді екен. Сонымен қоса жылжымалы кітапханашының қызметін Қорқыт, Диірментөбе елді мекенінің тұрғындары, зағиптар қоғамы тұрақты пайдаланады.
С.Мұқановтың «Ботагөз», «Өмір мектебі», Ә.Нұр­шайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар», «Ақиқат пен аңыз» сынды бірегей туындыларын кеңестік кеңістікте өмір сүрген жастар жастана оқыған. Бірігіп, бас қоса қалса, соңғы оқыған кітаптары жайлы ойларын ортаға салып, талқылайды екен. Замандастарды ортақ мүддеге, ортақ көзқарасқа тоғыс­тырған сол кездегі қазақ жазушыларының тапқырлығына қай­ран қаласың. Бүгінгі жастардың бастары біріксе әлеуметтік желілерінде қандай жаңа­лықтар бар соны талқылайды, одан қалса тілдесудің орнына ұялы телефонына көміліп отырады. Бұл көңіліңе кірбің ұялататыны сөзсіз... «Неге қазір кітаптар оқылмай жатыр, неге кітапханаға жастар келмейді?» деген заңды сауалдарға еріксіз жауап іздейсің. «Шаң басқан архивтерден табылатын» құнды кітаптар кітапхана төрінің сәнін келтіру үшін жарыққа шыққан ба?» деп қаласың кейде. «Кітапсыз үй – жансыз дене сияқты» деген екен бір данышпан. Ал жазушы Әбіш Кекілбаев «Мен кітапханаларды ақыл-білім, адамгершілік, парасат, иман ордасы деп білемін, ал кітапханашыларды сол ешқашан жоғалмауға тиісті ең асыл құндылықтың жанкешті сақшылары ретінде санаймын», – дейді.
Кітап – қашанда рухани азық. Ондай қымбат қазынаны өткінші дүниелермен алмастыруға әсте болмайды. Қай кезде де кітап адамзаттың жан азығы, рухани байлығы болған, болып та қала бермек.
Сондықтан кітапханаға баруды дағдыға айналдырыңыз, құрметті оқырман!
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА.
Сурет Қазбек ТАЙБАҒАРОВТІКІ.
19 қаңтар 2018 ж. 2 485 1

JeaCold от 12 ақпан 2019 12:24
Green Tea And Amoxicillin Viagra Cialis Combo Pack buy cialis online Zithromax Work For Chlamydia

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031