» » Алексей Полторанин Пхёнчхан Олимпиадасында ел намысын қорғайды

Алексей Полторанин Пхёнчхан Олимпиадасында ел намысын қорғайды

Алексей Полторанин үшін биылғы «Тур де Ски» аса жемісті аяқталды.
Жарыстың соңғы кезеңінде шаңғышылар 9 шақырымға еркін әдіспен жүгіру бойынша сынға түскен еді. Жерлесіміз бәсеке басынан үздіктер қатарына қосылып, біраз уақыт екінші болып келе жатты. Бірақ мәреге жақындағанда Норвегия және Канада спортшыларына жол берді. Сөйтіп, жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық шаңғышы 4-орынға тұрақтады. Бұдан бөлек Полторанин «Тур де Ски» көпкүндігінде 15 шақырымдық масс-старттың алтыны мен 15 шақырымдық классикалық жүгірістің күмісін жеңіп алған болатын. Соның арқасында ол жалпы есепте 4-сатыға орналасты. Алексей Полторанин енді бірер аптадан кейін басталатын қысқы Олимпиадада ел намысын қорғайды және дәл осы жетістіктерін қайталай алады деп үміттенеді көпшілік.
Алексей Наконечный, А.Полтораниннің жеке бапкері:
– Алексейдің физикалық бабы жақсы. Әдетте, маусым басында сәл ауырып қалатыны бар еді. Биыл бәрі дұрыс. Әлемдік додаларда үздік нәтижелер көрсетіп жүргендігі де сондықтан. Ал енді Олимпиадада қалай боларын кесіп айту қиындау. Шаңғы спортында бәсеке өте жоғары. Әсіресе Кәрі құрлық елдері, оның ішінде Скандинавия елдерінің спортшылары алдына жан салмайды. Алексей елдің одан медаль күтетіндігін жақсы біледі.
09 қаңтар 2018 ж. 1 125 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 407
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728