» » Жеңіс үмітін алаулатқан ақ олимпиада басталар күн таяп келеді

Жеңіс үмітін алаулатқан ақ олимпиада басталар күн таяп келеді

Ақ олимпиада жалауын көтеретін күн жақын. 9 ақпан күні Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында кешенді сындардың алауы тұтанады. Олимпиада ойындарына қазақстандықтар да тас-түйін дайындалып жатыр. Қанша сайыпқыранымыз жолдама алды және кімдерден үміт күтеміз?
Бір ғана спортшының бүкіл елдің намысын биіктететін кезі спортта жиі кездеседі. Мысалы, Элизабет Тұрсынбаева. Мәнерлеп сырғанаудағы қаршадай қыз екі бірдей олимпиада жолдамасын ұстанды. Бірі өзіне, екіншісі.. Екіншісі кімге тиесілі екендігі енді анықталды. Қазақстан біріншілігінде күміс жүлдегер атанған Айза Имамбек Оңтүстік Кореяда өнер көрсетеді. Қосалқы құрамда Жансая Адыханвоа мен Абзал Рақымғалиев бар. Айзаның баратыны қандай жақсы! Өйткені ол мұз айдында күй күмбірлеп тұрғанда ғана билейді.
Айза Имамбек, мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының мүшесі:
- Жаңа екі бағдарлама қойдық. Жаңасы қысқа бағдарлама шығыс мотивтерімен болады. Ал еркін бағдарлама өздеріңіз естігендей Дәулеткерейдің күйі Көрұғлы баяғы. Тек хореграфияны өзгерттік. Және де техникалық элементтерді күрделендірдік.
Біз үміт күткен спорт түрі фристайл. Әлем кубогы кезеңдеріндегі нәтижелер әлгі үмітті үкілей түседі. Дмитрий Рейхард пен Юлия Галышеваның бірі бәйгеден келетін секілді болады да тұрады. Екеуі де талай мәрте жеңістің жалынан ұстайтындай еді. Екеуі де сонша мәрте мүмкіндікті мүлт жіберіп алды. Ванкуверде, Сочиде. Енді Азия құрлығындағы жарыста қарманатын шығар.
Елсияр Қанағатов, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы:
- Фристайл могулде Галышева Рейхард екеуі жақсы, ақырғы әлем кубоктарында нәтиже көрсетті. Галышева жеңімпаз болды біреуінде. Рейхард екінші үшінші орынға ие болып жатыр.
Юлия Галышева әлем біріншілігі мен қысқы Азия ойындарында, Универсиада мен әлем кубогы кезеңдерінде медаль алды. ТаяудаТайвуда екі бірдей жүлдеге иеленді. Ванкувер мен Сочиде медальға жақын тұрды. Пхенчханда бағы жанса, шіркін. Өзі былай депті: "Канада мен Ресейдегі қарға қарағанда Оңтүстік Корея ұлпасында сырғанау қиынға соғады.Былтыр көрдік. Тым қатты екен. Бірақ ұмтылу керек."
Шашасына шаң жұқпайтын шаңғышылар бар. Серкесі - Алексей Полторанин. Ленцерхайдеде өткен «Тур де Ски» жарысында екінші келген Алексей тіпті үйеңкі жапырақты елдегі олимпиада ойындарында жүлде алуы тиіс еді. Бірақ мәреге таяғанда сүрінді. Таң тазалығы елінде арманына жетсе, Алексей. Шаңғышылар он екі-он үш жолдама алуы тиіс. Алексейдің өзі бірнеше жарысқа қатысады. Қанатты шаңғышылар мен шана спортынан да олимпиада жарысына қатысу мүмкіндігіміз бар. Шамамен елу спортшы Пхенчханда ел намысын қорғауы тиіс.
Елсияр Қанағатов, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы:
- Биатлоннан 10, коньки спорты түрінен 10, шорт тректен он жолдама бар. Және мәнерлеп сырғанаудан үш жолдама бар. Он спорт түрінен жалпы айтқанда сол алпыстай жолдама алуға жоспарымыз бар.
Оңтүстік Корея қазір абыр-сабыр. Құрылыс орындарында соңғы шеге қағылып, еден төселіп, елді, ел болғанда жанкүйерлерді күтіп алудың қамына кірісті. Туған ай тураулы ет дейді біздің қазақ. Қаңтардан кейін келетін ақпанда Ақ олимпиаданың алауы тұтанады.
Авторлары: Амангелді Сейтханов, Ербол Дайыров
05 қаңтар 2018 ж. 1 532 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 017

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031