» » Солтүстік Корея барлау жерсерігін ұшыруы мүмкін

Солтүстік Корея барлау жерсерігін ұшыруы мүмкін

Солтүстік Корея «Кванменсон-5» деп аталатын барлаушы жер серігін ұшыруға дайындалып жатыр.
Бұл туралы оңтүстіккореялық «Чунан Ильбо» газеті арнайы қызметтердің дерегіне сүйеніп хабарлады. Басылымның жазуынша, жаңа жерсерігі камера және байланыс құралдарымен жабдықталған. Алайда Оңтүстік Корея бас штабының өкілі Пхеньянның жерсерікті ұшыруға дайындалып жатқанын көрсететін нышандардың әзірге жоқ екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, Солтүстік Корея өткен жылы ақпан айында Сохэ ғарыш айлағынан осындай жерсерігін ұшырған еді. Бұл әрекет Корей түбегіндегі жағдайдың бірден шиеленісуіне әкелген болатын. Ал өткен аптада БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Пхеньянның қарашаның соңында баллистикалық зымыранды сынақтан өткізуіне қарсы жаңа санкциялар салды. Бірақ Пхеньян бұл шектеулерді елдің егемендігіне қауіп төндіретін «соғыс әрекеті» деп мәлімдеді.
24.kz
27 желтоқсан 2017 ж. 1 470 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 111
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 699

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031