» » Байқоңырдан «Зенит-S2Б» зымыран тасығыш сәтті ұшырылды

Байқоңырдан «Зенит-S2Б» зымыран тасығыш сәтті ұшырылды

Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 01:00-де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Зенит-S2Б» зымыран тасығышпен «Ангосат» ғарыштық аппараты штаттық режимде ұшырылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі
Ұшыру «Байқоңыр» ғарыш айлағының 45-алаңынан «Зенит-СМ» зымыран тасығыштың старт кешенінен (№1 ұшыру қондырғысы) жүзеге асырылды.
«Ангосат» ғарыштық аппарат Ангола Республикасы және бүкіл Африка континентін C- және Ku-диапазондар жиілігінде теледидармен қамтамасыз ету үшін құрастырылған геостационарлық спутнигі.
Спутник Ангола Республикасы Байланыс және ақпараттық технологиялар министрлігінің тапсырысы бойынша «С.П. Королев атындағы «Энергия» зымыран-ғарыштық корпорация» Бұқаралық акционерлік қоғамымен жасалынды.
«Ангосат» жобасы ретрансляторы бар байланыс спутнигін құрастыру, оны геостационарлық орбитаға ұшыру және байланыс пен телевизиялық таратудың жерүсті инфрақұрылымын жасауды қарастырады.
«Ангосат» ғарыштық аппаратының белсенді жұмыс істеуінің кепілді мерзімі - 15 жыл, оның салмағы - 1685 кг.
«Байқоңыр» ғарыш айлағынан Ғарыш аппараттарын ұшырудың бекітілген жоспарына сәйкес бұл ұшырым осы жылдағы соңғысы еді.

27 желтоқсан 2017 ж. 2 304 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 013
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 686

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031