» » » Кітапханаға тарту

Кітапханаға тарту

Түйімбетов Майдан Шәдіұлы - зейнеткер, ІІІ Интернационал ауылының тұрғыны, кітапхананың тұрақты оқырманы. Ол, Сыр өңірінде өмір сүрген дін мен ғылымның айтулы өкілдері,ел тұтқасы атанған би-батырлардың мол рухани мұраларын жинақтаумен айналысқан. Сыр өңіріндегі сопылық ілімнің көрнекті өкілдері-Ер Баһуаддин, Мүсірәлі софы Әзиз, Рабиға ана секілді әулие-әмбилердің қоғам өмірінде алған орны, елге сіңірген еңбектері, кейінге қалдырған өсиеттері және сол ардақтылар туралы ел ішінде сақталған аңыз әңгімелер зерттеушінің басты назарында болған. Ол зерттеу нысанына арқау еткен қайталанбас тұлғалар жайлы ізденіс барысында тек Сыр бойы ғана емес, Қазақстанның бар аймағын, Орта Азияны аралап дерек жинаған. Тынымсыз ізденудің нәтижесінде Майдан Шәдіұлының қаламынан шыққан өлке тарихына қатысты көптеген мақалалары республикалық мерзімді баспасөз беттеріне жарияланған.
Бүгін, "Сопылар әлемі", "Жетіру керейт шежіресі"атты кітабын ІІІ Интернационал ауылдық кітапханасына тарту етті. Осы кітаптар, Қызылорда қаласының Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасында, сол секілді Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент, Жамбыл, Орал, Маңғыстау кітапханаларында бар екенін атап көрсеткіміз келеді.
15 қаңтар 2018 ж. 2 552 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 565
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930