» » » Ұлттық қолөнер – бабалар мұрасы

Ұлттық қолөнер – бабалар мұрасы

Өнерді жұтамас байлық пен таусылмас азыққа теңеген қазақ халқы қолөнерге ерекше мән берген. Оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғап, мирас етіп отырған. Қазақ қолөнері – өзіндік құрылымы ерекше, көркемдік мән-мағынасы бөлек, ғасырлар тағылымынан өткен асыл мұра. Осы мұраны бүгінгі ұрпаққа үйретіп, әрі қарай дамытып жүрген жандардың бірегейі – аудандық оқушылар үйінің ұстаздары. Олар балғындарға ұлттық қолөнерді үйрету арқылы эстетикалық тәрбие беруде. Атадан келе жатқан өнердің бағасын арттырып, жаңа заманға сай жаңғыртуда.
Жуырда аталған мекемеде Айгүл Әбдірееваның ұйымдастыруымен ұстаздар арасында «Ұлттық қолөнер – бабалар мұрасы» атты байқау өтті. Сайысқа қатысушыларға қойылған басты талап – ұлттық өнер, халықтық қолтаңба, адамзаттық құндылықты паш ететін қолөнер бұйымы кәдесый дайындау. Берілген уақыт мұндай дүние үшін тым аз, бар жоғы – 15 минут. Алайда байқауға қатысушы үйірме жетекшілері барын салып, әділ-қазылардың алдында құнды дүние жасап шықты. «Креатив» үйірмесінің жетекшісі Сәуле Сериева ұлттық ою-өрнекпен безендірілген қазақы қоржын дайындаса, «Замануи дизайн» үйірмесінің жетекшісі Ербол Жұмабеков ру мен оның таңбасы белгіленген ерекше сый жасады. Ал «Hade made» үйірмесінің жетекшісі Марал Аймаханова сәукеле іспеттес брошка дайындап, әсем моншақтармен кестеледі. «Art-дизайн» үйірмесінің жетекшісі Қайсар Каналбеков үйтұмар жасады. Сондай-ақ «Құм анимациясы» үйрмесінің жетекшісі Самат Өскелеңов мүйізден бойтұмар жасады. Қазақылықтың иісі аңқыған әрбір бұйым өзінше ерекше. Ұлттық ою-өрнекпен безендірілген әр кәдесый көздің жауын аларлықтай әдемі. Шеберлер аз уақытта мұндай дүниелер жасау арқылы өздерінің біліктілігін көрсетті. Ұстаздарға аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақтолқын Тоқшылықова, оқушылар үйінің директоры Индира Әбдібекова, «Қармақшы таңы» газетінің бөлім меңгерушісі А.Сүлейменова төрелік етті.
– Ұлттық өнерді дәріптеген байқаудың бізге берері көп. Көз алдымызда осындай әсем дүниенің дайындалу процесін бақылап отырып, бір жасап қалдық. «Ою оя білмеген ойлана алмайды» дейді дана халқымыз. Уақыттың тығыздығына қарамастан, жоғары дәрежеде дайындалған әрбір кәдесый көңілімізден шықты. Ұрпақ алдындағы зор міндетті ұғынған жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, – деді аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақтолқын Каналбекқызы.
Әділ-қазылардың шешімі бойынша мүйізден бойтұмар жасаған Самат Өскелеңов облыстық байқауға жолдама алса, өзге үйірме жетекшілері жүлделі орындармен марапатталды.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ,
Қазбек ЖАУЛЫБАЙҰЛЫ (сурет)
16 ақпан 2021 ж. 2 143 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 035

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031