» » Қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті (фоторепортаж)

Қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті (фоторепортаж)

«Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігі мекемесінде «Қолөнер – сырлы өнер» атты аудандық қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті. Оған облыс көлемінде, атап айтар болсақ, Арал, Шиелі, Сырдария, Қазалы, Қызылорда қаласы бойынша шеберлер келіп, өз бұйымдарын көрмеге қойды. Бұл шараны «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақыткүл Райымбаева ұйымдастырды. Онда ұлттық оюмен өрнектелген жастық, көрпеше, қазақы нақыштағы қамзол, сәукеле, киіз-үй жабдығы, жүннен жасалған түрлі бұйым қойылды. Сонымен қатар ағаш ұсталарының көз сүрінер сұлулыққа толы естелік кәдесыйы болды. Әрбір бұйымнан ұлттық болмыс сезіліп, терең мағына беретіні айқын көрінеді.
Көрмені аудандық «Қармақшы таңы» газетінің бас редакторының міндетін уақытша атқарушы Сәрсенкүл Жаудатбекқызы ашты. Вьетнам соғысының ардагері Иса Бисенов құрметті қонақ болып, ақ батасын берді. Онан соң келген шеберлер, өз бұйымдарының мән-мағынасымен таныстырды. Ұйымдастырушыға алғысын айтып, сый тарту етті. Рухани, мәдени құндылыққа толы көрмені көргенде көз тояды. Қарапайым жүннің өзін түрлендіріп, түрлі бұйым жасаған. Заманауи орамалға жүннен өрнек түскенде, өзгеше бір керемет дүние болып шыға келген.
Жиында ерекше көзге түсіп, көпшілік назарын аударған – Ханыгүл Берденқұлова мен келіні Аида Ереханованың бұйымдары. Басқұр, шашақ бау шебері Ханыгүл апай өз білгенін келініне үйретіп, ата дәстүрді жалғаған. Келіні Аида өз ынтасы мен еңбегінің арқасында қолөнерді үйреніп, заманға сай түрлі бұйымды жасауды одан әрі дамытуда. Бүгінде ол қыз жасауы, құрақ көрпеше, жастық, тәсбих, сырға, білезік, сәукеле, қамзол, көзмоншақ секілді бұйымға тапсырыс қабылдайды.
– Көрме жоғары деңгейде өтіп жатыр. Қазақы нақыштағы дүниелерді көріп, жақсы әсер алудамын. Әлі де үйренерім көп. Біздің өнерімізге қолдау білдіріп, осындай жиынға шақырғанына қуаныштымын, – дейді жас шебер.

Талайды таңқалдырған қонақтың бірі – Жаңақорған ауданынан келген ҚР қолөнершілер одағының мүшесі, кәдесый, ағаш шебері Пахрадин Садықов. Ол –салт-дәстүрді, қолөнер мен тарихты үйлестіруші. Қолынан шыққан әрбір бұйымы тарихтан сыр шертеді. Қолы алтын шебер – сөзге де ұста. Тарихтан мәлімет келтіре отырып, құнды ақпаратпен бөлісті. Ұлттық құндылықты насихаттауға, қадір тұтуға кеңес берді. Өзінің көз майын тауысып жасаған, құны 15-20 мың теңге көлеміндегі біршама кәдесыйларды ұлт мәдениетіне байланысты сұрақтар қойып, оған дұрыс жауап бергендерге сыйлап отырды.
Аталған жиында қонақтардан өзге аудан мектептерінің технология пәнінің мұғалімдері де қатысып, өз қолынан шыққан шығармаларымен бөлісті. Шеберлер өзара пікір алмасып, керемет рухани кездесу болды. Шара соңында ұйымдастырушы Бақыткүл Райымбаева қатысушыларға алғыс хат табыстап, сый-сияпат үлестірді. Көрмеге арнайы келген қонақтар әрі қарай Қорқыт ата кешеніне қарай жол тартты.
Ұлттық құндылықты дәріптеп жүрген аға-әпкеміздің еңбектері ұшан-теңіз. Ұрпаққа үлгі болған жандар іздерінен еріп келе жатқан жас буынды көріп көңілі марқайды. Осындай тұлғалардың барында қазақ мұрасы әрі қарай өркендей бермек.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА,
Ерсін СӘДУҰЛЫ (фото)
20 қараша 2019 ж. 4 325 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031