» » Қатпары қалың қолөнер

Қатпары қалың қолөнер

ЖОСАЛЫ, 1 наурыз – qarmaqshy-tany.kz Аудандық орталық кітапханада "Ańsaǵan" мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Ата кәсіп" қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті.
   Әр ауылдан жиналған қолөнершілер өз қолымен дайындаған түрлі бұйымдарын көрмеге орналастырды. Оның ішінде қазақы нақыштағы ою-өрнектен ойып жасалған көрпеше, қыз жасаулары, тоқыма заттар мен қойдың жүнінен жасалған суреттер, моншақтан тізілген кәдесыйлар мен нан өнімдері орын тапты.
   – Шараға қатысушы әр қолөнер шеберіне зор алғыс білдіремін. Бұл көрме арқылы ата-бабадан мұра болып қалған тарихи дәстүрімізді жаңғыртып, жастарымызға насихаттауға зор үлес қоспақ. Болашақ жастарымыздың ұлттық дәстүрімізді дәріптеп, қолөнер саласында өз біліктіліктерін арттырып жүргені қуаныш сыйлайды. Көрмеге қатысушы әр шеберге шығармашылық табыс тілеймін, – деді аудан әкімінің орынбасары Жарқын Тұрмаханұлы құттықтау сөзінде.
   Сондай-ақ жиынға Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің сәндік қолданбалы бейнелеу өнері кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымының магистрі, ҚР қолөнершілер одағының мүшесі А.Әлайдарова, Шиелі ауданы, Ақмая ауылының көркем еңбек пәнінің мұғалімі Б.Көпжасарова, Арал ауданының қолөнер шебері, ҚР қолөнершілер одағының мүшесі М.Қаныбаев, Қазақ Гуманитарлық Заң және техникалық жоғарғы колледжінің аға оқытушысы, «Дәстүр» қолөнер шеберлер орталығы қоғамдық қорының директоры Қ.Ақпанов қатысты.
   – Шараны ұйымдастыруға көмектескен барша жанға өз алғысымды білдіремін. Көрме атадан қалған ұлттық дәстүріміз ұмыт қалмауы үшін, қолөнер шеберлігін қайта жандандыру мақсатында ұйымдастырылуда. Алдағы уақытта да мұндай үлкен шаралар өз жалғасын тауып, облысымыздың барлық аудандарын да ұйымдастырылады, – деді "Дәстүр" қолөнер орталығы қоғамдық қорының директоры Қанат Аманкелдіұлы.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ
01 наурыз 2020 ж. 1 746 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031