ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ

Ұлыстың ұлы күні саналатын Наурыз мейрамы қарсаңында сейсенбі күні аудандық мәдениет үйінде білім қызметкерлерінің ХІІ өнер фестивалі өтті. Шараны аудан әкімінің орынбасары Е.Меңлібаев ашып беріп, қатысушы ұстаздарға сәттілік тіледі.
– Наурыз – асыға күткен, нұрын төккен мейрам. Фестивальдің жастарға арналуы да тегін емес. Жалынды, жігерлі жастарға тек табыс тілеймін, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Биылғы фестивальдің ерекшелігі жастар жылына арналды. Фестивальде жас ұстаздар сахна төрінде әуеле ән шырқап, мың бұрала би билеп, көркемсөз оқып өзара бақ сынасты. Мұнан бөлек үлкен залда түрлі қолөнер бұйымынан ашық көрме ұйымдастырылды.
Өнер додасының қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы марапатқа ие болып, облысқа жолдама алды. 28-наурызда жеңімпаздар Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы драма театрында аудан намысын қорғайтын болады.
21 наурыз 2019 ж. 2 161 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 884
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 540

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930