» » ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ

ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ


Ұлыстың ұлы күні саналатын Наурыз мейрамы қарсаңында сейсенбі күні аудандық мәдениет үйінде білім қызметкерлерінің ХІІ өнер фестивалі өтті. Шараны аудан әкімінің орынбасары Е.Меңлібаев ашып беріп, қатысушы ұстаздарға сәттілік тіледі.
–Наурыз – асыға күткен, нұрын төккен мейрам. Фестивальдің жастарға арналуы да тегін емес. Жалынды, жігерлі жастарға тек табыс тілеймін, - деді аудан әкімінің орынбасары.
Биылғы фестивальдің ерекшелігі жастар жылына арналды. Фестивальде жас ұстаздар сахна төрінде әуеле ән шырқап, мың бұрала би билеп, көркемсөз оқып өзара бақ сынасты. Мұнан бөлек үлкен залда түрлі қолөнер бұйымынан ашық көрме ұйымдастырылды.
Өнер додасының қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы марапатқа ие болып, облысқа жолдама алды. 28-наурызда жеңімпаздар Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы драма театрында аудан намысын қорғайтын болады.
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».
20 наурыз 2019 ж. 1 233 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 101
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 752

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031