» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨРМЕ ӨТУДЕ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨРМЕ ӨТУДЕ

Бүгін Қызылорда қаласында орналасқан «ARAY CITY MALL»ойын-сауық кешенінде «Қобыз үні» атты ұлттық республикалық көрме өтуде. Шара «QOLÓNER» ұлттық нақыш орталығы мен Қызылорда облысы әкімдігі бірлесуімен ұйымдастырылды. Көрменің негізгі бөлімі сағат 10.00-13.00 аралығында өтсе, 14.00-22.00-ге дейін халыққа қызмет көрсетеді. Республикалық көрмеде ағаш шеберлері, зергерлер, әр түрлі бағыттағы қолөнер шеберлерінің жұмыстары қойылды.Әр облыстан келген шеберлер өз жұмыстарын таныстырып, пікірлерін білдірді.
Злиха Қалендер, қолөнер шебері:
- Бүгінгі шара қазақтың ертеден бергі Амал мерекесімен сәйкес келіп отыр. Көрмеге өзімнің ши тоқымадан жасалған туындыларымды алып келдім. Жұмыстарымда байқаған боларсыз, ертедегі ою-өрнектері қолданылған. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай озық дәстүрімізді қайта жаңғырту, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында ұйымдастылған бұл шара біздер үшін үлкен қолдау. Осы қолөнер жұмысымен 15 жылдан бері айналысып келемін. Біздің мақсатымыз осы ұлттық бұйымдарымызды кеінгі ұрпаққа насихаттау.
Өңірлер арасында тәжірибе алмасу, жаңа өндіріс көзін ашу мақсатында өткен шарада көрмеге қатушы қолөнер шеберлері марапатталды. Көрме кешкі сағат 22.00-ге дейін жұмыс жасайды. Ұлттық құндылығымызды дәріптеп, бірге насихаттайық! Мереке құтты болсын!



14 наурыз 2019 ж. 1 062 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031