» » «ҚАУЫШУ КҮНІ» КЕҢІНЕН АТАЛЫП ӨТТІ

«ҚАУЫШУ КҮНІ» КЕҢІНЕН АТАЛЫП ӨТТІ

    Бүгін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінде Наурыз мерекесінің басты жоралғыларының бірі –«Қауышу күні»  кеңінен аталып өтті.    Департамент басшысы  Айнұр Шорабекқызының қолдауымен "Қолөнер" ұлттық нақыш орталығы және "Тағылым" балаларды шығармашылық дамыту орталығы ұйымдастырылған шарада "Ұлыстың ұлы күні" – Наурыз мерекесіне орай "Қобыз үні" атты ұлттық нақыштағы көрме өткізілді.
    Тамыры тереңнен алатын киелі аспаптың тарихы туралы түрлі ақпарат бар. Солардың бірі Қорқыт бабамызды қобыз атасы деп, бастауын 9-10-шы ғасырдан десе, енді бір деректе қазақ жеріне ислам діні енген сонау жетінші ғасырмен байланыстырады. Алайда, ұлтым, салтым деген ұрпақ үшін оның шыққан тегінен гөрі біздің заманымызға аман жеткені бақыт.
    Тағы бір айта кетерлік жайт, 14-наурызды халқымыз қыстан аман-сау шығып, жыл басы наурызға аман жеткен күн ретінде "Қауышу күні" деп атайды. Бұл күні кішілер үлкендерден бата алып, ауыл-аймақ  жиылып мәз-мәйрам болып, төс қағыстырған.
    Сонымен қатар, көрмеде арнайы жасақталған қазылар алқасының шешімімен 1-орынды ағаш шебері сырдариялық Жәнібек Асанов жеңіп алды. Келесі жүлделі орын ағаш және мүйіз шебері Мырзабек Қоныбаевқа, 3-орын тоқыма шебері Бақытгүл Райымбаеваға бұйырды.  Бұған қоса, қатысушыларға 19 номинация бойынша арнайы дипломдар табысталып, сыйлықтар беріледі. Атап айтар болсақ,  "Ағаш ұстасы", "Өз ісінің  шебері", "Сыр шебері", "Өнерлі қыз", "Өз ісінің майталманы", "Көркем сурет", "Атакәсіп шебері", "Құрақ көрпе", "Зергер","Жас шебер","Үздік шәкірт", "Ұсақ моншақ", "Асыл ұстаз", "Өнерлі жігіт", "Алтын қолды шебер", "Талапты ұл-қыз тарихи жұлдыз", "Шебер педагог-2018", "Тоқыма шебері", "Ою өрнек - тарихи мұра".

14 наурыз 2018 ж. 1 367 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 038

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031