Халыққа қызмет еткен комбинат

Тұрмыс қажетін өтеу комбинатына қарасты тағы «Впред» артель мекемесінде жұмыс істеп, балық өнімдері, нан наубайханасы, құрылыс, спиртсіз сусындар, балмұздақ жасаумен айналысып, жұмысшыларды тамақпен қамтамасыз еткен. Артель қыстақтағы Сталин көшесі, №81 үйге орналасып, Мархабаев басшылық етіп, 62 адам жұмыс істеген, ішінде Ю Ду Чан, Яшковтар, фотограф Н.Чупчуниди, цех меңгерушісі Тен Анатолий, қара үй жасаушы Исмаханов, бас киім тігуші П.Лигай, диірменші Альтемировтер болған.
1968 жылы комбинат басшысының №61 бұйрығымен ателье «Сән салоны» ашылып, дайын тоқыма (трикотаж) киімдер қойылып, ателье меңгерушісі болып П.Лигай тағайындалған.
Ұлы қазан социалистік революциясына 52 жыл және жақсы көрсеткіштері үшін Қармақшы аудандық тұрмыс қажетін өңдеу комбинаты басшысының 1969 жылғы №88а бұйрығымен тігінші шебер Т.Тасымова, Ню Мила, Досжанова, Шегебаева, Жалмаханова, К.Жанықұлова, Беспаева, Б.Жанкулова, Ли Ин Сук, Ли София, Қалмұратова, балықшы В.Коняшин, Ф.Петровский, пішуші В.Божедомова, Ли Надежда, етікші Қосназаровтар марапатталған.
Мамандардың біліктілігін арттыру үшін Түркістан қаласындағы Түркістан техникалық училищесіне білімін жетілдіруге жіберіліп отырған. Шалғай ауылдарға іссапармен шаштараз, суретке түсіруші (фотограф), киім сатушылар Мейрамкүл Тынымбаева сынды қызмет көрсетіп аралап шығатын болған.
Тұрмыс қажетін өтеу комбинаты 1975 жылы 5 желтоқсанда бұрынғы Карл Маркс (қазіргі Көшербаев) көшесі, №49 үйде орналасқан жаңа ғимаратқа көшкен.
1977 жылдан бастап Автобытмастерская екі ауысымда жұмыс істеп, типтік жобада Жаңақала және екінші тоқсанда Майлыөзек ауылында тігін шеберханалары ашылған. 8 кеңшар, 3 ұжшарға 40 жұмысшы қызмет еткен.
1981 жылы 19 ақпанда «Құрмет» тақтасына аяқ киім тігуші Досберген Қосназаров, «Құрмет» кітабына киім пішуші Аққағаз Алдоңғарова жазылып, «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен директор Талғат Ниязов, киім тігуші Галина Ивановналар марапатталса, Рабиға Сүлейменованың суреті «Озат жұмысшылар» тақтасына ілінген.
Тігін цехының меңгеруші Райхан Садықова, тігінші, киіп пішушілер Бибі Шегебаева, Жайыс Оспанова, Ұлшан Тасымова, Ақкеніш Досжанова, Мила Нюгай, Роза Оспанова, Сабираш Ембергенова, Сакура Ниязова, Диша Амаева, Мәдина Ідірісова, Айзада Ибраева, Айткүл Пірмағанбетова, Гүлсім Қожабаева, Гүлстан Молдашева, Алмагүл Палуанбаева, Қантай Тоқшылықова, Қанымша Құлшығаева, Жақсыбала, Бағдагүл Сақтағановалар, Райхан Ізіқұлова, Зағипа Әбенова, Рыскүл Есмаханова, Азиза Сүлейменова, Ағира Бакиева, Биғанша Маханова, Базаркүл Әбдиева, Жалғасбай Төрежанов, Роза Айбақова, Ұрхия Медешова, Мәрзия Ақжігітова, Рима Мұхтарбаева, Торыша Сәрсенбаева, Ғалия Айекенова, Оразкүл Базарбаева, Дариға Лақбаева, Айғанша Абдрахманова, Шолпан Байтерекова, Үміт Нұрмаханова, Мака Мадаева, Бибігүл Садуова, Айым Омарханова, Алтын Медеуова, Гүлбану Жайлаубаева, Гүлбану Советова, аяқ киім цехының меңгерушісі Жәмке Әшімов, Қоблан Ұзақов, Досберген Қосназаров, Жалғас, К.Батаев, шаштараз Меңзипа Аманова, Марал Тілегенова, Бақыт Мусинова, фотограф Ерсін Тұманов, Нағашыбай Сатыбалдиев, Бауыржан Абдрахманов, Нағашыбай Сатыбалдиев, Қазбек Тайбағаров, Мәлік Қаржауов, Тұрлыбек Тұрақов, Теміржан Тарғанов, Оразбек Айтжанов, Ақжар ауылының КПП меңгерушісі Дараш Камалладинова, Көмекбаев ауылының КПП меңгерушісі Аманкүл Төлегенова, Қармақшы ауылының КПП меңгерушісі Мейрамкүл Смағұлова, Ақтөбе ауылының КПП меңгерушісі Роза Ізбанова, директор орынбасары Әлихан Өтегенов, бас инженер Сырлыбек Ералиев, есепшілер Жанат Есдәулетова, Баян Нармаханова, Қанымкүл Тапиевалар халық игілігіне жұмыс істеп, алғыс алған кісілер. Мекемеде депутаттыққа сайланып депутат болған, бастауыш партия хатшысы, социалистік жарыстың жеңімпазы, коммунистік еңбек екпіндісі Фазила Ниязова, аудан бойынша чемпион, депутат, озат киім пішуші Балсұлу Жанқұлова апайлардың да еңбегі зор.
1979 жылы сәуір айында мекеменің алдына тал егіп, аллеяға айналдырған, қазіргі кезде «Ардагерлер саябағы» деп аталады.
Жұмыстың ауқымына байланысты халықтың тұрмыс қажетін өтеу министрлігі С.Тюмебаевқа 16.04.1982 жылы №38/152 санды қатынас хатымен Е.Көшербаев ауданымызға 1 автобус, 16 тігін машинасын және екінші ауысымға жұмысшылар қажет екенін жазған. Бұл мекеме шаруашылықпен айналысып түйе, жылқы, сиыр баққан. Халық депутаттары Қармақшы аудандық атқару комитетінің 11.01.1989 жылғы №5 қарарымен тұтыну комбинаты жанынан ұлттық, көркемдік, безендіру және халыққа қызмет көрсету мақсатында «Асем» ательесі ашылған. Оның ашылуына Б.Бедерова, К.Сұлтанова, А.Нұрманова сияқты азаматшалардың ұсынысы арқылы бастау алған. Сол кездегі жоспар 1989 жылы 254,6 болып орындалса, 1990 жылдары 350,3 болып артығымен жоспар орындалып отырды.
Мекемені Чернов, Коба, Қайырбеков, Х.Беркалиев, Б.Медешов, Ким Пен Мук, К.Қалыбаев, Т.Ниязов, Ө.Таңқаев, Қ.Әбдіқалықов, Н.Ысқақовтар басқарған.
1992 жылы қаңтар айынан бастап ешқандай тапсырыс қабылданбанған. Себебі материалдар жоқ, бірлі-жарым қымбат болып тігіншілерге қиын соқты. Комбинат басшысы Н.Ысқақовтың 8 сәуір 1993 жылғы жалпы жиналыс хаттамасына сәйкес мекеменің автокөліктерін жөндеу үшін бөлшектер болмағандықтан, көліктерді мекемеде ұзақ жылдар жұмыс істеген жұмысшыларға сатылған. Өнеркәсіп өндірісі күрт қысқарып экономикалық қиындықтар мен бюджеттің мүмкіндігі шектеулі болуына байланысты Қазақстан Республикасының Қызылорда облысы бойынша жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комитетінің 25.12.1995 жылғы №378 хатына сәйкес мекеме сатылымға шығырылып, 16 ақпан 1996 жылы жеке кәсіпкерге алыс-беріс актісін жасап өткізіп, 1997 жылдан бастап жабылды деп жарияланған. Осы күннен бастап мекеменің жұмысшылары қысқартылып, комбинат жабылған. Қазіргі кезде мекеменің орнына Қармақшы аудандық кәсіпкерлер үйі орналасқан.
1989 жылы Қармақшы аудандық архивінде қор ашылып, 1941-1997 жылдар аралығындағы құжаттары архив қорында сақталып, ізденушілерге мағлұматтар беріліп тұрады.
А.МЕШІТБАЕВА,
«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Қармақшы аудандық филиалының ІІ санатты архивисі
ХХХ