» » Нарықты отандық өніммен молықтыру - дамуға нық қадам

Нарықты отандық өніммен молықтыру - дамуға нық қадам

Бүгінде «Қарапайым заттар экономикасын» дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл бағыттың қажеттігі туралы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру», Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында атап өтті. Ал «Қарапайым заттар экономикасы» дегеніміз не? Оның негізгі міндеті қандай? Халыққа пайдалы ма? Бұл бағдарлама ауданда қалай жүзеге асуда?
«Қарапайым заттар экономикасы» дегеніміз күнделікті қолданатын тауар мен қызмет түрлері. Олардың қатарына тоқыма өнімдері мен жиһаз, азық-түлік өндірісі, басқа да тауарлар бар. Яғни, күрделі технологияны талап етпейтін өнім шығару мен қызмет көрсету. Бұл бағытты дамытудағы басты мақсат – ішкі нарықты отандық тауармен молықтыру, өңдеу өнеркәсібін ынталандыру, сонымен қатар халық тұтынатын тауардың қажеттілігін қанағаттандыру. Мұнымен қоса, бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын құру болып табылады.
Әлеуметтік маңызы басым бұл бағдарлама өткен жылы 11 желтоқсанда Үкімет қаулысымен қабылданған. Аталған бағдарламаны несиелендіруге арналған тауарлардың тізімі бекітіліп, шарты нақтыланды. Жергілікті кәсіпорынды қаржылық қолдауды күшейту мақсатында республика бойынша 600 млрд теңге бөлінген. Оның 200 миллиарды – агроөнеркәсіп саласын іске қосуға, қалған 400 млрд қайта өңдеу кәсібіне арналған. Бұл бағдарламаға жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер ғана қатыса алады. Сонымен қатар оның шығаратын өнімі үкімет бекіткен тауарлар тізімінің бірі болуы және белгіленген сапалық критерийге толықтай сай болуы қажет. Жеңілдетілген несиені екі бағытта алуға болады. Олар «Аграрлық несие корпорациясы» және екінші деңгейлі банктер арқылы. Айырмашылығы «Аграрлық несие корпорациясы» құны 10 млн теңгеден жоғары жобаларды қанағаттандырады.
Аталған бағдарламаны жүзеге асыруда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен кәсіпкерлік бөлімі жұмыс істейді. Олар бизнес жоспарды әзірлеуден бастап, қаржыландыруға дейін сүйемелдейді. Мониторинг жүргізіп, банктің несие беруден бас тарту себебін анықтап, кәсіпкерді қолдаудың жаңа тетіктерін ұсынады. Іске қосылғалы бері осы уақытқа дейін елде 209 жоба мақұлданған. «Атамекен» ҰКП мәліметі бойынша, мақұлданған жобаларға төмендегідей тауарлар мен қызмет көрсетулер кіреді. Олар киім (костюм, жейде, аяқ киім, арнайы жұмыс киімдері), азық-түлік өнімдері (макарон, нан-тоқаш, ет және шұжық, сүт өнімдері және кәмпиттер), химия өнеркәсібі өнімдері (тыңайтыштар), құрылыс материалдары (кірпіш, цемент), тұрмысқа қажетті тауарлар (жиһаз) және қызмет көрсету саласының нысандары (балабақшалар, мектепке дейінгі мекемелер, шипажайлар, оңалту орталықтары).
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының қарапайым халыққа берері көп. Кәсіпкерлер өз кәсібін ұлғайтып, бірнеше жұмыс көзін ашуда. Соның негізінде жұмыс күші көбейіп, жұмыссыздар саны азаяды. Өнім өзімізде шығарылғандықтан бағасы да халыққа қолжетімді.
Ал аталған бағдарламаның аудан көлемінде орындалу барысын анықтау мақсатында кәсіпкерлер бөліміне бас сұқтық. Сала маманы бағдарлама туралы толық ақпарат беріп, қандай шарттары бар екенін таныстырып өтті. Аудан бойынша кәсіпкерлер бүгінде 4 жобаға ұсыныс берген. Өзге де кәсіпкерлер құжаттарын дайындау үстінде. Бұл бағдарламаны кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жоспарда.
– Ауданда аталған бағларлама бойынша 4 жобаға ұсыныс берілді. Оның екеуі оң шешім тауып, қанағаттандырылуда. Бірі кентіміздегі Әмит Елубаевтың жиһаз цехы болса, екіншісі Қуаңдария ауылдық округіндегі Болат Бөгетовтың «Олжа» шаруа қожалығы. Бұл жоба асыл тұқымды мал басын көбейтуге арналған. Қалған 2 жоба бойынша қосымша құжаттар әзірлену үстінде. Кәсібін ұлғайтуға ниетті кәсіпкерге әрдайым қолдау білдіріп, көмек көрсетуге дайынбыз, – дейді кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің әдіскері Жәнібек Сапарғалиұлы.
Бұл жоба наурыз айынан бері іске қосылса да, кәсіптің көзін тапқандар бұл мүмкіндікті тиімді пайдалануда. Бағдарлама аясында мемлекеттен қолдау алып, өнеркәсібін өркендетіп, шаруашылығын жандандырғандар бар. Әлі де көбейе түспек. Олар туралы газеттің келесі санында жариялайтын боламыз. Ең бастысы аталған бағдарлама ел игілігіне қызмет ете бермек.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
09 желтоқсан 2019 ж. 1 291 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 051

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031