» » «АБАЙ ДАУЛЕТ» ЖШС «Үздік азық-түлік тауарларының» жеңімпазы атанды

«АБАЙ ДАУЛЕТ» ЖШС «Үздік азық-түлік тауарларының» жеңімпазы атанды

Компания күріш өндірісімен айналысады. 2016 жылы құрылған. Жұмысшылар саны – 80. Кәсіпорын директоры – Сарсенбаев Мұрат Абайұлы. Кәсіпорынның басты кәсібі – күріш өңдеу. Шаруашылықта заманауи, жоғары автоматтандырылған күріш зауыты бар, Бесарық және Байтабын шаруашылықтары жаңа прогрессивті технологияларды және техникалық жаңаруды қолдану арқылы күріш өнімділігін тұрақты түрде арттыра отырып күрішпен қамтамасыз етуде.Жыл сайын нарыққа шығатын өнім көлемі артып келеді. Күріштің бірнеше түрлерін өндіреді. Кәсіпорында қалдықсыз өндіріс жолға қойылған. Күріш қалдықтарын жем дайындауға пайдаланады. Өнім Қазақстанның барлық облыстары мен ТМД елдеріне экспортталады. Шаруашылық күріш өндірумен бірге төрт түлік мал өсіруменде айналысады. Қылыш құйрықты қара қойды тәжікстандық түрімен будандастырды. Шаруашылықтағы қошқарлардың салмағы 140 келіге дейін барады. Ал аналықтары 70-80 келіге жетеді. Жылына 110-120 төл алып отыр.Түйе төлі басы 60-қа жеткен. Күніне 150 литр шұбат дайындалып, облыс орталығына жөнелтілуде. «Абай Дәулет» серіктестігінде мал азығы да дайындалады. Сағатына 3 тонна өнім өндіретін шағын зауыт жұмыс істеп тұр. Кәіспорын басшысы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жоғары ұстанады. Шаруа қожалығы орналасқан елді мекендерді абаттандыру, асфальттау, әлеуметтік нысандарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, демалыс орындарын қалыпқа келтіру, спорттық-мәдени шараларға демеушілік жасау, мектепке жаңа спорттық құрал-жабдықтар алу сияқты бірқатар жұмыстарды абыроймен атқарып келеді.
15 шілде 2019 ж. 1 908 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 505

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930