» » » Қиын күндер артта қалсын

Қиын күндер артта қалсын

«Үй алма, көрші ал» деген қазақ халқы қоныстанбас бұрын тұрғынына қарайтын. Құдай қосқан көршің жақсы болса көңілің жайлы. Тұрғындары әрқашан біріге іс қылатын, ауызбіршілігі мол көшелер ауданымызда аз емес. Солардың бірі – бір елге рухани басшы болып, әулиелік, емшілік қасиетімен халықтың ауызбірлігін, ел арасының тазалығын, адамдардың имандылық жолындағы ақ ниетін сақтауға өлшеусіз күрес жүргізіп, дін жолын белсене насихаттаған Мәдірайым Құлмағамбетұлының атына берілген «Мәдірайым ишан» көшесінің тұрғындары.


Қуанышы мен қайғысын бөлісіп, көмек қажет кезде қол ұшын созатын ұйымшыл көше тұрғындарының үлгілі істері көп-ақ. Үлкенді құрмет тұтқан олар жұдырықтай жұмыла әрекет етуді әдетке айналдырған. Мұны көріп өскен жас буын да бұл дәстүрді берік ұстанары хақ. Бүгінгі елдің ахуалына орай үнсіз қалуды құп көрмеген олар, бұл індеттің тезірек жойылуын тілеп тасаттық беруді жөн көріпті.

– Қазіргі бүкіл жер бетінде болып жатқан жағдайдың қай-қайсымызды болмасын алаңдатып отырғаны рас. Індеттің кесірінен қанша отбасы қимасынан айырылды. Бұл кімге де болса оңай емес. Сол себепті көше тұрғындары болып құрбандық шалып, бұл күндердің тезірек артта қалуын ниет еттік, – дейді тұрғындар.

Қазіргі талапқа сай жиын өткізілмеді. Тек имаммен ниет етіліп, Құран оқылып, құрбандық шалынды. Етті 7 бөлікке бөліп, әлеуеті әлжуаз жеті отбасына бір апталық азық-түлікпен қоса таратылды. Қол жайып, дұға тілеген көптің тілеуі қабыл болып, жаймашуақ күндердің келетінін сабырмен күтейік.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
18 шілде 2020 ж. 1 388 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 416
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 218

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930