Өшпес үлгі

Қазақ халқы батыр халық. Батырлығын, өрлігін жырға қосқан ақын халық. Осы екі ұғымды ұштастыра отырып, ұлылықтың үлгісіне айналған, батырлықты бағамдай, ақындықты ардақтай білген асыл азамат, биік те парасатты тұлға менің нағашы атам Бисенбай Қасқырбайұлы.
Бисенбай Қасырбайұлы Отаншылдықты жырлаған қайталанбас қасиетімен, дара орнымен ерекшеленіп ұрпақ жадында сақталып, мәңгі жасай бермек. Адамдықты жыр етіп, адалдыққа үн қосқан, жақсы іске дем беріп, жыр-шумаққа шабыт сыйлаған кейінгі ұрпаққа Бисенбай атаның өлеңдері өшпес рухани азық болып қалары анық. Осы орайда анам Сақыпжамалдың бала көңілге ой салар ғибратты әңгімесі есіме түсіп отыр. Мектеп жасында оқып жүргенімде атам Бисенбайдың естеліктерін жалықпастан жадымда сақталуын қадағалап айтып отырушы еді. Соғыс жүріп жатқан болса керек. Немістер болса, жараланған жандардың қалталарын ақтарып, керекті заттарын өздерімен бірге тонап алып кетеді. Кезек менің атама келеді. Өздері ауыр халде жатқан адамдарға екі неміс келіп, Бисенбайдың қалтасын ақтарып, заттарын ала бастайды.  Бар күшін жинап ызаға булыққан атам оң қолына оқ тиіп жараланып жатса да, әлгі екі немістің бірін сол қолымен атып түсіреді. Өлдіге санаған адамынан күтпеген жерден оқ атылған соң қасындағы немістер қаша жөнелген. Сол сәтте Бисенбайдың қалтасынан қызыл шүберек желмен бірге желбірей жөнеледі. Бұл сол кеңестік кезеңдегі туымыздың түсі қызыл болғандықтан, жеңістің туы секілді көк аспанда қалықтаған екен. Кейіннен көзін ашып қараса, айналасы аппақ госпитальда жатса керек. Есін жиып елге оралған соң орыс тілінен мектепте сабақ беріп, ұстаздық қадамына аяғын нық басады. Жауынгер, ақын, ұстаз қызметін бір өзінің басына тоғыстырған оның артында өшпейтін сөзі, өлмейтін ісі, келешек ұрпаққа ғибрат алар ғұмырлық терең, тәлімді тәрбиесі қалды. Мәселен, сөзімнің дәлелі ретінде «Аттанардағы арман» атты өлеңі тікелей өзінің туған қызы Сақыпжамалға арналады.
"Қарағым айналайын бауыр етім,
Қып-қызыл алмадай боп екі бетің.
Жорыққа аттанарда өксіп жылап,  
Көкеңнің елжіреттің бауыр етін..."
дей келіп, өлең соңын
"Ал, «құлым» десе Алла, сау қайтармын!
Денеме тартпаса удың өтін" деп өзінің  амандығын Аллаға тапсырып, тәуекелге бел буады. Сонымен қатар ұлы да, қызы да жалғыз Сақыпжамал болғандықтан,оған тікілей өлеңмен өсиет жолдайды:
"Арлы бол, намысты бол деген сөзім,
Сақыпжан, өлең емес, өсиет – бұл!
Ғылымның арлы  түрін артық ұстап,
Жұмсақ бол, сарымайдан тартқандай қыл!"                                                                    
Бұл өлең тек, Сақыпжамалға ғана емес, қыз тәрбиелеп отырған ата-аналарға ой салып, жалпы қыздар қауымына үлкен ғибрат болары сөзсіз. «Ардақты сәлем еліме» деп аталатын өлең өміршеңдігімен мәнді.
     "... Алладан болса ақ пәрмен,
         Орындалса, шын арман
         Босанса жалпы қара көз,
         Балаң жетер еліне
         Шөменнің жұрты қош тұр.
         Хат жолдаған Бисенбай,
         Қарт әруақ байтақ еліме."
деп өзінің еліне деген сағынышын емірене жеткізуден еш жалықпайды. Ұлы адамдардың ісі де ұлы. Жасаған ісі де кемел. Сондықтан да қасиетті қаламымен қайсар рухты қазақ халқына жігер мен күш-қайрат берсе, өзінің ерлік пен өрлікке толы ғұмыры келешек ұрпақтың жадында мәңгі сақталатыны ақиқат.

    Айжан КАНАЛБЕКҚЫЗЫ
08 шілде 2020 ж. 728 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 093

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031