» » » Қармақшының қаламгер қыздары

Қармақшының қаламгер қыздары


ЖОСАЛЫ, 24 маусым – qarmaqshy-tany.kz  28 маусым  журналистер күні. Айтулы датаға орай архивтегі мұрағаттан
сыр шертпекпіз. Басылымда қызмет атқарған Қармақшы қарлығаштары кімдер?





Мағираш Сарикова 1957 жылы аудандық «Қызыл ту» газетінің штаты ұлғайтылғанда осында әдеби қызметкер болып келдім. Ол кезде менің тек қана орта білімім бар еді. Газет редакторы Ә.Сатыбалдиев жастарға зор сеніммен қарайтын ілтипатты, мәдениетті кісі екен. Әуелгі күні жәй хабар жаздырып көріп, арада біраз уақыт өткен соң газеттің бас мақаласын жазуды да сеніп тапсырып жүрді. Алғашқы сенім қандай жақсы! Редактордың осы сенімі бізді едәуір өрлетіп тастағандай-ақ болды.
«Қызыл ту» мені қияға қанаттандырды. Осыдан университетке аттанып, арман жолына құлаш ұрдық. Алғашқы талант отын тұтандырған аудандық газеттің бізге бергені көп-ақ.




Қармақшылық ақын Нағима Торманованың есімі Сыр еліне жақсы танымал.Ол 1946 жылы туған. 1966-1997 жылдары аралығында Қармақшы аудандық Абай атындағы кітапханада аға библиограф болып еңбек етті. Кейін «Коммунизм шамшырағы» газетінде әдеби қызметкер болды. Өте қарапайым,кішіпейіл жан еді. Сүлейлердің соқпағын жоғалтпаған ақын оқырмандарына "Дариға дәурен" (1998),"Иіркөлім-інжуім"(2001),"Құба бел"(2009),"Ақ бесік"(2010),"Жанымның жаз жайлауы"(2012) жинақтарын тарту етті.
Сонымен қатар өлеңдері Сыр елі ақын-жазушылары шығармаларының жинағы "Жүректегі жауһарлар", "Мәдени мұра"мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша шығарылған"Сырдария кітапханасы"кітаптарына көптеген өлеңдері жарық көрді.


Досымова Талайлы 1954 жылдың 1 наурызында Қызылорда облысы, Қазалы ауданының "Байқожа"деп аталатын темір жол бекетінде дүниеге келген. Он жылдық мектепті Қармақшы ауданының қазіргі Тұрмағамбет ауылында бітірген. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының филалогия факультетін 1976 жылы бітіріп, ұстаздық қызметін Тұрмағамбет ауылындағы өзі оқыған №29 қазақ орта мектебінде бастаған. 1978-1979 жылдары сол кезде «Коммунизм шамшырағы» деген атпен шығып тұратын аудандық газетте корректор, аудандық радио торабында хабар жүргізуші болып істеген.1979-1980жылдары ұстаздық қызметке қайта оралып №27 және №121 қазақ орта мектептерінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы қызметін атқарған. №121 қазақ орта мектебінің тәрбие және оқу ісі жөніндегі мектеп директорының орынбасары,1989-1997 жылдар аралығында аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері және аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі қызметін атқарған. 2005-2007 жылдары Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасына орай аудандық мәдени- тарихи ескерткіштерін қорғау мақсатында ғылыми қызметкер, 2009-2013 жылдары К. Рүстембеков атындағы аудандық жыраулар үйінің директоры қызметінде болды.
Осы жылдар ішінде педагогикалық қызметте жүріп шығармашылық жұмыстан қол үзбеді. «Сыр сазы», «Жан шуағым» атты жыр жинағын, жырау К. Рүстембеков туралы «Жұлдыз боп аққан жыр ғұмыр» атты ғұмырнамалық кітап, ақын Т. Ізтілеуовтің 125 жылдық мерейтойына орай «Тұрмағамбет» атты мерейтой журналын шығарды.
Бірнеше рет ақындар мүшайрасына қатысты.Ақын Т. Ізтілеуовтің мерейтойына арналған аудандық жыр мүшайрасының жеңімпазы, жырау К. Рүстембеков 60 жылдығына орай өткен облыстық ақындар мүшайрасының жеңімпазы, Астана қаласындағы Ұлттық кітапханасының 10 жылдығына орай өткен Республикалық ақындар мүшайрасының ІІІ орын иегері.
Аудандық «Қармақшы таңы» газетінің тұрақты тілшісі.
Бүгінде құрметті еңбек демалысында, зейнеткер. Тараз қаласында тұрады. Отбасында ұл-қыз, немере тәрбиелеп отырған ардақты ана.



24 маусым 2020 ж. 1 576 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 125

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930