» » Қаламгерлер – Қармақшы қаймақтары

Қаламгерлер – Қармақшы қаймақтары


ЖОСАЛЫ, 24 маусым – qarmaqshy-tany.kz  28 маусым журналистер күні. Айтулы датаға орай архивтегі мұрағаттан сыр шертпекпіз. Айдар басылымда қызмет атқарған қаламгерлер жайында болмақ.



Сапабек Махмутов 1922 жылы Қармақшы ауданына қарасты Төрткөл, яғни қазіргі Дүр Оңғар ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.
Ауылдағы мектепті тәмамдаған соң алғашқы еңбек жолын 1939 жылы аудандық «Қызыл ту» газетінде техникалық хатшы қызметімен бастаған ол жыл өте газеттің бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарады.
1967 жылы С.М.Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.
1940 жылы Жосалы поселкасы атқару комитетінің хатшысы, 1941 жылы Жалағаш аудандық «Күрішшілер» газетінің жауапты хатшысы, ал 1942-1949 жылдар аралығында Кеңестер Одағы әскерлері қатарында неміс басқыншыларымен өткен Ұлы Отан соғысына қатысады.
1945 жылы майдан даласында коммунистік партия мүшелігіне қабылданады.
1949 жылы туған елге оралған соң ол аудандық атқару комитетінде жалпы бөлім меңгерушісі қызметіне тағайындалса, 1950-1951 жылдар аралығында аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде инспектор, 1951-1957 жылдарда аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, аудандық «Қызыл ту» газетінің хатшысы, Ақжар ауылы партия ұйымының хатшысы және аудандық атқару комитетінің сауда бөлімінің меңгерушісі қызметтерінде болады.
Ал, 1957 және 1962 жылдарда аудандық газеттің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, аудандық кәсіптік-техникалық училище директорының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарса, 1962 жылдан зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін аудандық «Коммунизм шамшырағы» газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары қызметтерін атқарады.
Қарымды журналист Сапабек Махмутов Ұлы Отан соғысында көрсеткен жауынгерлік ерліктері мен бейбіт күндерде ел экономикасын нығайтуға қосқан елеулі еңбектері үшін «Варшаваны азат еткені үшін», «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін», «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» және басқа да медальдарымен марапатталса, 1953-1955 жылдары аудандық партия комитетінің мүшесі, 1967-1975 жылдары Жосалы поселкалық Кеңесінің депутаты болып сайланды.
Майдангер-журналист Сапа Махмутов 1994 жылы 72 жасында дүниеден озды.


Әбілахат Жанәділов ақын, КСРО Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Коммунистік партия мүшесі.
1926 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Түпбөгет ауылы, қазіргі Алдашбай ахун ауылдық округінде діни сауатты отбасында дүниеге келген.
Сонымен қатар, сол ауылдағы орта мектепте білім алған.
1944-1946 жылдары әскери міндетін атқаруға шақырылып, әскери бөлімде іс жүргізуші қызметкері қызмет еткен.
1964 жылы науқастығына байланысты әскери қызметтен босатылып, елге оралған соң туып-өскен ауылда есепші, іс жүргізуші қызметтерін атқарған. Сол жылдары Қызылорда қаласындағы педагогикалық училищеде білімін жетілдіріп, ауылдағы мектепте ұстаздық қызмет етсе, 1952-1956 жылдары Қызылорда қаласындағы Н.В. Гоголь атындағы педагогикалық институттың «Орыс тілі және әдебиеті» пәні мамандығы бойынша жоғары білім алып шығады.
1956-1957 жылдары ауыл мектебінде мұғалім, ал 1957-1961 жылдар аралығында мектеп директоры, 1961 жылы аудандық атқару комитетінде бөлім меңгерушісі, 1962 жылы аудандық радио торабының бастығы қызметтерін атқарады.
1963 жылдан 1965 жылдар аралығында аудандық «Коммунизм шамшырағы» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Ал, 1965 жылдан өмірінің соңына дейін, яғни 1975 жыл аралығында облыстық «Ленин жолы» газетінде Қармақшы, Жалағаш аудандары бойынша газеттің меншікті тілшісі қызметтерін атқарады.
Сондай-ақ, республикалық Социалистік Қазақстан» газетінің Қызылорда облысы бойынша штаттан тыс тілшісі болып қызмет жасады.
Ақын Әбілахат Жанәділовтың балаларға арналған екі кітапшасы мен «Үміт» және «Аспаным» атты жыр жинақтары жарық көрді.
Ел алдындағы елеулі еңбектері үшін көптеген мемлекеттік наградаларға ие болды. Сонымен бірге, жазба айтыскер ақын ретінде бірнеше рет ақындарымен айтысқа түскен. Журналист, ақын Әбілахат Жанәділов 1975 жылы 4-наурызда 49 жасқа қараған шағында ұзақ науқастан дүние салды.
Ақынның есімін халық есінде сақтау мақсатында өзі тұрған көшеге есімі берілді.

Қанибек Молдахметов 1939 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы қыстағында дүниеге келген. Білімі жоғары. Еңбек жолын 1966 жылы Жосалы механикалық зауытында токарлықтан бастаған, мекемелерде жүргізуші болып еңбек еткен. Қармақшы аудандық комсомол комитетінде инспектор, сектор меңгерушісі, «Қармақшы шамшырағы», «Қармақшы таңы» газеттерінде тілші, аудандық Мәдениет бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ол Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, бірнеше Мемлекеттік марапаттың иесі.








Айжарық Сәдібекұлы - 1939 жылы 17 желтоқсанда Қызылорда облысы, Арал ауданы, «Қармыс» елді мекенінде туған. Н.В.Гоголь атындағы пединституттың филология факультетін тамамдаған. 1966–1971 жж. аудандық «Жаңадария» және «Сырдария» газеттерінде бөлім меңгерушісі, 1972–1997 жж. облыстық «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр бойы») газетінің еңбекші хаттары, совет құрылысы, партия тұрмысы, саясат және қоғам бөлімдерінде тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі және редколлегия мүшесі, 1993–2000 жж. республикалық «Сұхбат» және халықаралық «Түркістан» саяси газеттерінің Ақтөбе, Қызылорда облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметтерін атқарған. Тұңғыш әңгімесі облыстық «Ленин жолы» газетінде жарияланған. «Дария жыры», «Көктемін күткен ару», «Жүректегі жауһарлар», «Аққұмның ақ түндері», «Бал айы», «Ашық мұхитқа шыққан алып», «Жұмыр жерде біз бармыз» атты кітаптардың авторы. Облыстық партия және комсомол комитеттерінің, кәсіподақтары облыстық советінің Құрмет грамоталарымен, «Жеңістің ХХ жылдығы», «Социалистік жарыс жеңімпазы», «Еңбек ардагері», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медальдарымен және 1987 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Грамотасымен марапатталған. Қызылорда қаласы Әкімінің және облыс Әкімі мен Мәслихатының Құрмет Грамотасын, Республика Президентінің «Алғыс хатын» алған. Облыс Әкімінің 2003 жылғы, 2009 жылғы стипендиаты.

Битенов Мейрамбек Сəдікұлы 7.10.1957 жылы Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген. Шоқан Уəлиханов атындағы №26- қазақ орта мектебін 1975 жылы бітіргеннен кейін 1975-1977 жылдар аралығында əскери қызметін өткерген. Осы жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне сырттай оқуға түседі. Қармақшы аудандық "Коммунизм шамшырағы " газетінде қызмет ете жүріп, облыстық , республикалық газеттерде маңызды мəселелерді қозғап, мақалалар жариялап отырды. Еңбегі еленіп 1979 жылы Қазақ ССР Журналистер одағына мүше болды. Қоғамдық ортадағы жұмыстарға белсене араласқаны үшін бірнеше грамоталармен марапатталды. 30.10.1979 жылы өмірден өтті.










1957 жылы «Қылы ту» төрт беттік болып, штат көлемінің ұлғайтылуына байланысты газетке орта мектепті бітірген барқатар жастар қызметке алынды. Соның бірі №26 қазақ орта мектебінің түлегі Өтеген Күмісбаева еді.
Өтеген баспасөздегі ілкі қалам тартысын жорға жүрісіндей өзара ою, өрнек тапқан баппен көсілте бастады. Бұрын аудандық баспасөзде сирек ұшырасатын очерк, суреттеме, әңгіме, лирикалық шумақтар оның қаламынан бұлақ бастауындағы таза тамшылардай туындап, газет беті бір бой түзеп, ажарланып сала бергендей болды.
«Қызыл ту» қанаттандырған сол өр қиялды түлек Ө.Күмісбаев қазір бүкіл республикаға танымал ақын әрі жазушы. Отыздың үстіне жаңа ғана иек артқан жас жігіт бүгінде бірнеше кітаптың авторы болуымен бірге СССР жазушылар Одағының мүшесі, СССР жазушылар Одағы басқармасы секретариатының қазақ әдебиеті жөніндегі консультанты.





Оқас Тәженов 1941 жылы 15 ақпанда дүниеге келген. 1956-1957 жылдары №26 орта мектепте оқыған. 1958-1960 жылдары әскерде Отан алдындағы борышын өтеп, Алматы қаласында байланыс техникумын бітіріп келді. Кейін КазГУ оқыды. 1970 жылдан бастап «Коммунизм шамшырағы», «Қармақшы таңы» газетінде жұмыс істеген. Журналистер Одағының мүшесі. Қаламы қарымды журналист 1992 жылы өмірден өткен.










Ибрагим Бекмаханұлы — атақты жырау Сыр сүлейі Тұрымбет Салқын- баевтың туған немересі. Ол атасының әдеби мұраларын жинақтап, 1993 жылы 125 жылдық мерейтойына орай «Талайды таңырқатқан жырау едім» (Алматы, 1993 ж «Газет» баспасы.), 2008 ж. 140 жылдығына «Атандым жас күнімнен бада жырау» ( Қызылорда-2008, «Полиграфия» Баспа үй), 2018 ж.150 жылдық республикалық мерейтойына «Жүйрігі едім халықтың» (Алматы-2018,«Арна» баспасы) атты кітаптарын жарыққа шығарды.
Белгілі қаламгердің «Шапағат», «Сағымсары», «Сыр мен Арқа саздары», «Жарық сәуле», «Жүрегімнің шуағы», «Қасиетті мекен», «Жүректегі ырғақ- тар», «Сырдария-Ұлытау» атты поэзиялық, және «Сыр мен Қырдың перзенті», «Дария көңіл, тау мүсін», «Дария-ғұмыр», «Шалғайдағы емес, маңдайдағы театр» , «Қарсақбайлық қай сар ұл», «Бекзат болмыс», «Кенжалы би», «Ыспан қари» атты прозалық, көркем-публицистикалық және «Жалмауызға да жан керек» атты сатиралық кітаптары жарық көрген.
И. Бекмаханұлы – Республикалық ақындар мүшәйрасының бірнеше дүркін жеңімпазы әрі жүлдегері. Журналистикадағы жемісті еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен және Қазақстан Журналистер Одағының Құрмет грамотасымен, Жезқазған қаласы, Қарағанды облысы әкімдері мен Мәслихаттарының Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталған. Ибрагим Бекмаханұлы 1951 жылы 22 маусымда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылында туған. Онжылдықты 1968 жылы бітірген. Еңбек жолын туған ауылында киномеханик болудан бастаған. Әскерде болған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекттік университетінде оқып, журналист маман атанады. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі.
Баспасөзде 1974 жылдан еңбек етеді. 1974-1979 жылдары Қармақшы ау- дандық «Коммунизм шамшырағы» (қазіргі «Қармақшы таңы») газетінде корректор, тілші, аға тілші. 1979-1984 жылдар аралығында Қармақшы аудандық атқару комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, аупарткомда нұсқаушы болған. 1984-1997 жылдар аралығында Торғай, Жезқазған облыстық газеттерінде тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі. 1997-2010 ж.ж. Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан», республикалық «Азия-Транзит» газеттерінің Жезқазған өңіріндегі меншікті тілшісі, қалалық «Наз» газетінің редакторы, аймақтық «Сары- арқа» газеті бас редакторының орынбасары-жауапты хатшысы. Осы тұста газет жұмысынан қол үзбей, С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған музыкалы-драма театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі болып, 14 жыл қызмет жасаған. 2010-2011 ж.ж. Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің экономика және өнеркәсіп бөлімінің меңгерушісі, редакция алқасының мүшесі. 2011 жылдан «Қазақ газеттері» ЖШС-інің «Экономика» газетінің бөлім редакторы болып істеген. Қазір «Жеті жұрт» республикалық газетінің тілшісі.

Шахизада Әбдікәрімов 1957 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жанажол ауылы дүниеге келген. Тележурналист, ақын, БАҚ саласының топ-менеджері. 1996 жылы ҚазҰУ-ді бітірген. Қармақшы аудандық "Коммунизм шамшырағы" газетінде әдеби қызметкер, Байқоңыр қалалық телекомпаниясының төрағасы, республикалық "Қазақстан-1" теледидарының Қызылорда облыстық және Байқоңыр ғарыш кешеніндегі меншікті тілшісі, Қызылорда арнайы экономика аймағы теледидарының төрағасы қызметтерін атқарған.
Қазір Қызылорда қоғамдық телерадиокомпаниясының төрағасы. Алғашқы өлеңдер топтамасы 1975 жылы жас ақындардың "Көктем тынысы" кітабына енген. 1983 жылы "Қарлығаш" топтама кітабында өлеңдері жарық көрген. "Байқоңыр", "Төрткүл" өлеңдер жинағының авторы. Қырғыз ақыны Акбар Рысқұловтың өлеңдерін қазақ тіліне аударған. 2001 жылы "Байқоңыр" өлеңдер жинағы қырғыз тілінде жарық көрді. Қазақстан Жазушылар одағы және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Бірнеше кітаптың авторы. "Жалын" альманахының редколлегия мүшесі. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері. "Ерен еңбегі үшін", "Байқоңыр ғарыш кешенінің игерудің 50 жылдығы", "Қызылорда қаласының 190 жылдығы" медальдарының иегері.







Төребай Тәжімаханұлы Кенжебай 1955 жылдың 22 қаңтарында Қармақшы ауданы, Жосалы қыстағында дүниеге келген. 1962 жылы қыстақтағы №105 қазақ орта мектебінің 1 сыныбына қабылданып, 1972 жылы онжылдықты ойдағыдай тәмамдап, алғашқы еңбек жолын аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі қызметінен бастады.
1973 – 1975 жылдары әскери борышын өтеді. Міндетті борышын өтеген соң түрлі салаларда еңбек етті. Он жылдық еңбек тәжірибесінен кейін 1982 жылы (ол кездегі атауы «Коммунизм шамшырағы») газетіне орналасып, журналистік жолын таңдады. 1992 жылы аудандық газет «Қармақшы таңы» атауына ие болды. Мұнда әдеби қызметкер ретінде көптеген мәселерге байланысты қалам тартып, әрі қарай аудандық радио хабарын тарату бөлімін басқарды. Кейінгі жылдары ауылшаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, газет редакторының орынбасары қызметтерін атқарды.
Қызметіне байланысты, 2006 жылы сол кездегі астанамыз Алматы қаласына жол тартып, үлкен мекемеде жауапты қызметте болды. 2009 жылы Астана қаласына қоныс аударып, республикалық «Қазақстан теміржолшысы» салалық газетіне тілші болып орналасты. Мұнда 2015 жылға дейін еңбек етіп, сол жылы Көліктегі денсаулық сақтау департаментіне баспасөз хатшысы қызметіне ауысып, сондағы маңызды қызметерді әлі күнге қол үзбей атқарып келеді.
2018 жылдан құрметті еңбек демалысында, қазірде жас журналиске өз тәжірибесін үйретуде. 1987 жылдан Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, қызмет атқару жылдарында бірнеше мәрте Құрмет, мақтау грамоталарымен марапатталды.

Сәнтөре Пірманұлы Н.В.Гоголь атындағы педагогика институтының (казіргі Қорқыт ата атындағы университет) қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітірген.
Жастар ұйымының хатшысы, аудандық газеттің әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, аудандық ішкі саясат бөлімінің референті, «Байқоңыр» телекомпаниясының аға редакторы, Тараз қалалық мәдениет комитетінің бас маманы, облыстық қазақ драма театры директорының көрермендер жөніндегі орынбасары, облыстық халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі, облыстық мәдениет, ақпарат және туризм департаментінің инспекторы, облыстық қазақ драма театрының әдеби-драмалық бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етті. 2011 жылдан облыстық қазақ драма театрында артистер группасы бөлімінің меңгерушісі.
С.Пірманұлы «Құралай», «Қармақшы таңы», «Жұлдыздар түнде жырлайды» жыр жинақтарының, «Бәйшешек пен бозторғай» драмалық ертегілерінің және «Театр-өнер жүрегі» зерделеу кітабының, «Ұлы Жібек жолы көші», «Тараз-2000» тарихи сценарийлердің авторы.
С.Пірманұлы Кенен Әзірбаевтің 120 жылдығына арналған аймақаралық, Тараздың 2000 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшайраларының жүлдегері, 2007 жылғы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің балалар мен жасөспірімдер шығармашылығына арналған Ұлттық «Астана-Бәйтерек» әдеби жабық бәйгесінің бірінші жүлде иегері.
С.Пірманұлының оннан аса драмалық ертегілері мен қуыршақ қойылымдары республика театрларында бірнеше жылдардан бері сахналанып келеді. Ол Қазақстан авторлар қоғамының, ҚР Театр қайраткерлері одағы мен ҚР Журналистер одағының мүшесі.




24 маусым 2020 ж. 1 374 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 056

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031