» » ҚАРМАҚШЫНЫҢ ҚАРЫМДЫ ҚАЛАМГЕРЛЕРІ

ҚАРМАҚШЫНЫҢ ҚАРЫМДЫ ҚАЛАМГЕРЛЕРІ

Талай дарын иелерін үлкен өмірге қанаттандырған киелі Қармақшы топырағында кімдер өмір сүрмеді.  Қасиетті Қармақшы Әз Тәукенің бас қолбасшысы Текей батыр,  Ешнияз сал мен Балқы Базар бастаған жыр дүлдүлдері және де Сырда туған Абайдай деп қалың ел айдар тағып ардақтаған даңғайыр ақын Тұрмағамбет, қазақтан шыққан алғашқы прокурор Сүлеймен Есқараев пен Әбдуәли Спанов, Далабай Ешпанов, Тұңғышбай Сегізов сынды қазақ халқын әлемге танытқан мемлекет қайраткерлері, КСРО Батыры Тәйімбет Көмекбаев пен «Дала майданының сарбазы» Цай Ден Хак, Пак Чен Ер, Қасымтай Ізтілеуов, Әділбек Хайруллаев пен Еңбек Ері әрі Батыр Ана Сәлима Жұмабековадай бар саналы өмірін ел мүддесіне арнаған атпал азаматтардың құтты мекені.
Міне, осындай киелі атамекен атанған қасиетті Қармақшы қаламы қарымды қаламгерлердің ұшқан ыстық ұясы екенін білеміз.
 Бүгінде 86 жылдық тарихымен аудан халқының айнасы атанып отырған  киелі орда, яғни «Екпінді», «Қызыл ту», «Коммунизм шамшырағы»,  «Қармақшы таңы» кімді үлкен өмірге қанаттандырмады. Өткен ғасырдың отызыншы жылдары аудан журналистикасының  бас ордасы сол жылдары «Екпінді» атауымен алғаш жарыққа шыққан аудандық газеттің редакторы Жұмабай Есетовың, содан кейінгі жылдары редакторлық қызмет атқарған Көшен Алматов,  Қанапия Тұрғанов, Нұрділда Жәкеев, Яхия Пірімбетов, Омар Қожахметов, Сахи Жарылқасынов, Сейіткамал Усабаев, Мұрат Нұржанов, Жақсыбай Құлымбетов, Әбдірашид Сатыбалдиев, Қален Әбдешов, Шәкірат Дәрмағамбетов сынды талантты қаламгерлердің игі ісін жалғастырған  «төртінші билік» өкілдерінің жұмысын ел-жұрт жақсы біледі.
Аудандық басылымда сонау бір қиын кезеңдерде өздерінің журналистік еңбек жолын бастап, кейіннен облыстық, республикалық басылымдарда қызмет еткен журналистер де көп.
Сағындық Баймаханов, Сапабек Махмутов, Смайл Ақжігітов,  Мырқы Исаев, Әбілахат Жанәділов, Пал Баймаханова, Өтеген Күмісбаев, Рашит Жарылқасынов, Мырзамұрат Илиясов, Қалжан Аққасынов, Айжарық Сәдібеков, Жарас Ахметов, Мағираш Сарикова, Тыныштыбай Мұрынбаев, Өмірзақ Бажамұратов сынды қаламы қарымды журналистер осы киелі ордадан журналистік өмірін бастады. Сондай-ақ, редакцияны белгілі қаламгер Әзілхан Аманов басқарған алпысыншы және сексенінші жылдары жаңа заманға жаңаша қарап, өз ойын орта сала алатын Қанибек Молдахметов, Қаршыға Бүркітбаев, Бақыт Қаналиева, Ибрагим Бекмаханов, Талайлы Досымова, содан кейін Оқас Тәженов, Кенше Күмісбаев, Күлпариза Ахметовалар ел-жұртқа қызмет етсе, жетпісінші-тоқсаныншы жылдары олардың арасына Алтай Үсенов, Шәкизада Әбдікәрімов, Сәнтөре Пірманов, Төребай Кенжебай сынды талантты толқын келді. Олар жұмыс істеп қана қоймай, заман ағымына қарай туған ел әлеуетінінің өркендеп-өрлеуіне  қызмет етті.
«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі .  Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мақау, көзі жоқ соқыр сықылды», – деп Алаш арысы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, бүгінде Тәуелсіз Қазақстан журналистикасына қызмет етіп келе жатқан көптеген сала майталмандары, атап айтар болсақ Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласындағы «Вечерний Сатпаев»  газетігнің бас редакторы Абдулла Дастанов, тележурналист Жайна Сламбекқызы, «Сыр бойы» газетінің тілшісі Гүлжазира Жалғасова,  тілші Мейрамкүл Дауылбаева, «Ақмешіт жастары» газетінің бас редкторы Айжан Абдуллаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаева, «Сыр дидары» газетінің бас редакторы Сәкен Алдашбаев, сонымен қатар, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының тілшісі Мөлдір Құлмырзаева сынды бүгінгі  қазақ журнистикасының майталмандары «Қармақшы таңы» газетінен қанат қақты.
Сонымен қатар, Адам Мекебаев, Темірхан Тебегенов, Тынымбай Досбатыров, Әуезхан Қодаров, Ләйлә Құндақбаева және басқа да тіл мамандары алғашқы шығармасын аудандық басылымда жариялады. Ал, өңір тұрғындарының рухани қолдаушысы, ақпараттық айнасы атанған «Қармақшы таңы» газетінің бүгінгі толқыны аға буын өкілдерінің ісін жалғастыруда аянбай еңбек етуде.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
26 маусым 2018 ж. 2 417 0

Ұқсас жаңалықтар:

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 230

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 335

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930