» » » Қарғада да қасиет бар

Қарғада да қасиет бар


– Қхарқ, қхарқ...
– Мыналар тағы келді ме? Ат, дәлдеп ат Жұмағазы.
Тақ еткен мылтықтың дауысы құлақ шекемнен дүрсе қоя берді. Ұзақ шыңылдан есімді жиғаным сол, қанаты көкке жайылған қарға көлбей айналып жерге құлады. Ал ауылда «мерген аңшы» аталып кеткен көрші нысанаға дөп тигізгеніне мәз.
– Айттым ғой, менің ыстық оғымнан бір де бір шыбын жаны тірі ұшып өтпейді, – деді де қарғаның өліксесін бақшадағы ағашқа іліп қойды.
– Апа-ау, енді аулаңызға қарға біткен жоламайды, сазайынын тартқыздым.
– Е, айналайын, әйтпегенде төбемізді шұқып бітті ғой, – деді әжем күдікті дауысымен.
Осыдан бірнеше уақыт бұрын қарғалар келіп, жаз бойы еккен қауын-қарбыздан түк қалдырмаған. Әр жерінен бір шұқып, үлкен алқапты жайпап сала беріп еді. Белінен тұра алмай жүрсе де әжеміз осы бақшаны баптап келеді. Маңдай терімен еккен өнімінің дәмін тата алмағанына қатты өкпелеп жүрген. Көрші ағаны әкелді де қарғаларды бір үркітіп алды.
– Қой, шай ішейік, үйге кір балам, – деген ол Жұмағазыны үйге кіргізіп дәмді асын ұсынып жатты. Ал мен... Ал мен сол отқан күйі тесіле аспанға қарап қалыппын. Жүрегім езіліп бара жатқан сыңайлы. «Апыр-ау, құс болған жаман екен ғой. Мен ұшуды армандап жүрсем» деген бала ойды қарқылдап ұшып, аулаға келген қарғаларды саңқылы бөліп жіберді. Аспан қап-қара түнектей. «Мә саған» деп мені көтеріп әкететіндей.
– Қхарқ, қхарқ, қхарқ.
Әлгі өлексе ілінген ағаштың маңын торуылдап жүр. Ұзақ уақытқа кетпеді. Мылтығымен далаға жүгіріп шыққан көрші тағы да аспанға бір-ақ атты.
Тарс...
...Содан бері ауламызға қарға мүлдем келмеді. Ал менің ойымды бір нәрсе мазалай берді, мазалай берді. Неге қазақ «Қарға тамырлы қазақпыз», «Қарға баласын аппағым дейді», «Күн қаңтарда қарға адым...» дейді? Мұның да бір сыры бар шығар, бәлки? Жауабын іздемес бұрын қарғалар жайында біраз бетті парақтадым. Көпшіліктің жадында қарға біткен өлексе жейтін, лас жерде жүретін құс болып сақталған. Ол рас, олар бірнеше қашықтықтан бұзылған иісті сезіп, асына асығады екен. Ал оның екінші қыры бар екенін білдік пе?
Бәрін айт та бірін айт, қарғаның ақылы асқан, ой өрісі дамыған құс екеніне ғалымдар тәжірибе барысында көз жеткізген. Ал қулығы адамдікінен асып түседі екен. Ал оның қасиетіне келгенде дәлелденбеген тұстары көп. Себебі құстар арасында алғашқы болып қарға ғана «Ал¬ла» деп сөйледі. Мұндай дерек былтыр Қарағанды мен Маңғыстауда тіркелді. Құдды бір намаз оқып тұрғандай. Ең ғажабы – қарғалар да ораза ұстайды. Жаз айында, әсіресе шілденің шіліңгір ыстығында 40 күн бойы нәр татпайды. Сонда шөлдемейді ме? Оның да амалын өздері тауып қойған. Ораза тұту кезінде олар өзен жағасын паналайды. Ауызын аңқита ашып қойып, ағып жатқан судың ылғалымен сусындайды. Сөйтіп ашығу арқылы тұла бойына тазалық жасайды. Қарғалардың шамамен 300 жыл ұзақ өмір сүруінің құпиясы да осы болуы мүмкін.
Енді Құран-Кәрімге тоқталайық. Піл сүресінде айтылғандай, қалың әскер Қағбаны қиратуға келе жатқанда аспанды қаптаған қара бұлт секілді құстар тобы пайда болады. Олар төбеден тас жаудырып, жауды қырғынға ұшыратып, Қағбаны қорғап қалады. Бұл «Піл жылы» деген атпен белгілі 570 жы¬лы болған оқиға. Тарихшылардың пайымдауынша әлгі топ-топ құс қарға екен. Аятта қарға деп нақты жазылмаған. Сол үшін бұл болжам ғана. Алланы зікір ететін, иманға бір табан жақын қарғаның Қағбаны қорғап қалуы да мүмкін ғой.
Мына дерекке назар аударыңызшы. Қарғалар еңбек құралын жасай алады екен. Десе де барлығы емес. Тек жаңакаледониялық қарға ғана. Егер оларға ағаш қабығының астынан «дәмді» қоңызды алып шығу керек болса, өз тұмсығына зиян келтірмейді. Оның орнына бұтақтан тісшұқығышқа ұқсас құрал жасайды да, онымен асын ағаш қабығының астынан шұқып алып жейді. «Шұқығыш таяқ» жасау қабілеті оларға туа бітті табиғатынан берілетіні қызық. Себебі қарғалар балапандарына мұны арнайы үйретпейді.
Сондай-ақ, олар үлкен топтарға бірікпейді. Әдетте адам көп жерлерден аулақта тіршілік етеді. Бір қызығы қарға санай алады. Егер оған жем салынған екі ыдыс ұсынсаңыз, ол жем көп салынғанын таңдайды. Мәселен, бір ыдысқа 20 қоңыз, екіншісіне 26 қоңыз салсаңыз, сіз араларындағы айырмашылықты бірден аңғармайсыз. Ал қарғалар оны санап, қайсысында көп екенін анықтап үлгереді. Санды тани алады. Нәтижесінде санның қайсысы көп, қайсысы аз екенін де ажырата алады. Қарғалар естіген дыбыстарын қайталап, басқа құстардың дауысын сала алады. Тіпті, үйреткен жағдайда адамның да дауысын салады. Олар – адал достар. Егер бірі жарақаттанып қалса, өзгесі қамқорлық танытып, толық жазылғанша қоректендіреді. Қарғалар жұптасып тіршілік етеді. Оған қоса жұбын бір рет өмір бойына таңдайды. Енді қарғада қасиет жоқ деп көріңіз.

Айнұр ӘЛИ
26 мамыр 2020 ж. 3 248 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 079

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031