» » Тосап басудан тосылмаңыз

Тосап басудан тосылмаңыз

«Биылға дым банка баспадым. Әне-міне дегенше уақыт та сырғып өтіп кетті. Енді қалай болар екен?» деп ауылдағы апам уайымға салынып отыр екен. Бұл ауылдағылардың қыс бойы жейтін азығы ғой. Сондықтан уайымдайтын да жөні бар. Қалада оқитын ұл-қызы бар, қала берді үйдегі балалар, ағайын-туыстың барлығы осы бейнеті көп істің тәттісін сағынады емес пе?!
Иә, кеше ғана жадыраған жаз келді деп қуанып жүр едік, енді міне, көзді ашып-жұмғанша қыркүйектің ортасын да алқымдап қалдық. Көп ұзамай-ақ күңіренген күз де өз әміріне енеді. «Қыстың қамын жаз ойла» деген аталы сөзге құлақ асатын аруларымыз қытымыр қыстың дайындығына әлдеқашан кірісіп кеткен де болар. Айтпағымыз, түрлі жемістен дайындалатын дәмі тіл үйірер тосаптың жайы.
Рас, көктем шығып, жаз басталса нәзікжандылар қауымы қыстың қамына білек сыбана кіріседі. Бақшадағы түрлі жеміс-жидектен тосап қайнатып, банка жабады. Қысқа дайындықты ерте бастайтын жанның бірі Төребай би ауылының тұрғыны Гүлханым Амандықова. Ол бүгінде түрлі жемістен тосап әзірлеп үлгірген.
Көбіне тосапты бақшадағы жемістен істеймін. Атамның еңбегі ғой, бақшадағы жемістерді өз қолымен еккен. Қазір бақшадағы жемісті теріп алмай ысырап ететіндер көп. Сондықтан одан тосап қайнатып алып, қыс бойы рақатын көреміз. Артылғанын көршілерге таратып беретін кездер болады. Тосапты барлық жеміс түрінен әзірлеймін. Бақшадағы сары өрік, қарақат, алма, алмұрттан жасаймын, – дейді кейіпкеріміз.
Тосапты шаймен ішкенді жақсы көрмейтін адам кемде-кем. Сондықтан жеміс піскеннен бастап әйелдер тосаптың түр-түрін дайындайды. Тіпті көршілер бір-бірінен «қандай тосап дайындап жатырсың?» деп сұрап, ақылдасып, жәрдем етіп жатады. Оның үстіне қазірде жас келіндердің көбісі тосаптың түрін ғаламтордан қарайды. Себебі онда қауын мен қарбыздан дайындалатын тосаптың да түрі көп.
Әр тосапты жемістің түріне қарай түрлі етіп дайындаймын. Мәселен, қарақатты еттартқыштан өткізіп аламын. Солай әзірлегенде дәмді болады. Ал қара өріктен жасалатын тосапты қайнатпаймын. Әуелі өрікті жақсылап жуып тазалаймын. Содан кейін сүйегінен ажыратып, 2 апельсин мен 2 лимонды еттартқыштан өткізіп қантпен араластырамын. Біраз уақытқа қанты бойына сіңіп, қоймалжың күйге енгенше бөлек жерге қоямын. Бар болғаны осы. Мұны бірден банкаға жауып қоюға болады немесе тоңазытқышта сақтаған дұрыс. Еш бұзылмайды, дәмі сол күйінде балғын болып тұрады, – дейді Г.Жүнісқызы.
Әрбір әйел заты осы мезгілде қарақат, таңқурай сынды жемістерден тосап әзірлейді. Себебі қыста суық тиіп, қызу көтерілгенде дәріханадағы қымбат дәріден гөрі осы табиғи жолмен жасалатын тосаптың пайдасы көп.
Кейбір жағдайда тосаптың қанты шығып, суы аз болып немесе дәмі ащылау болып кететін кездер болады. Мұндай жағдайда лимон қышқылын қосқан артық етпейді, – дейді ол.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
30 қыркүйек 2019 ж. 1 862 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 051

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031