» » Базардағы баға қандай?

Базардағы баға қандай?

Базар бағасы ырыққа көнбей тұр. Азық-түлікпен қоса көкөніс құны да қарыштап кетті. «Баға бір түссе, жазда түсер-ау» деген үміт ақталмады. Нағыз пісім мол болатын жаздың өзінде бағаның мың құбылуы ойланарлық жайт. Жалпы алғанда халықтың күнделікті тұтынатын тауарлары – әлеуметтік мәселенің ең жанды жері. Жергілікті билік бұл жағдайды реттеп, қадағалауға тырысқанымен кейде нарықтың өз заңы бойынша дамитынын естен шығарып аламыз.
Қазір кент орталығындағы «Таң­сықбай» мен «Бибінұр» базарында картоп пен пияз – 150 теңге, қызанақ пен қияр – 200 теңге, сәбіз, болгар бұрышы мен қырыққабат – 200-250 теңге, алма сортына байланысты – 300-500 теңге аралығында, сиыр еті – 1700 теңге, күріштің келесі – 300 теңгеден сатылуда. Халық күріш бағасының күрт қымбаттағанына наразы. Тіпті көрші Арал мен Қазалы, Жаңақорған мен Шиеліде мұндай баға жоқ. Күріш өсіретін аймақта отырып неге қымбат бағада аламыз? Жол шығыны дейтіндей сырттан әкілінбейді. Керісінше, әлдеқандай сылтаулар күн тәртібіне шығып, «қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарсаның» кебін киюге мәжбүр болып отырмыз. Әйтпесе елімізде азық-түлік, көкөніс пен жеміс-жидек, дәнді-дақыл көбейіп, бағасы түсу керек жаз айында қымбаттайтынына не себеп?
Бағаның тұрақты болмауын сатушылардан сұрап көрдік. Олар сырттан келетін тауар бағасының жоғары болуы ішкі нарықтағы тұ­рақсыздықты туындататынын алға тартады. Мұнан соң қарапайым сау­дагерді кінәлау қиын. Күнделікті табысын айыру керек. Сауда жасап тұрған орнына төлейтін пұлы бар. Өнімді жеткізуге кететін шығыны, солардың бәрі түптеп келгенде тұтынушыға қойылатын бағаға ықпал етіп отыр. Қымбатшылық – бір ғана себептен туындамайды. Оның артында бірнеше қосымша себеп-салдары болатыны түсінікті. Базар салты бойынша алынған тауар өту керек, шығынын ақтау керек. Сол себепті баға бүгін, ертең төмендей қоймас. Ал күріштің қымбаттау себебін ауыл шаруашылығы сала­сы­ның мамандарынан сұрап көрдік.
– Пісімшілік уақыт емес. Биыл біздің ауданның өніміне сұраныс көп болды. Кешеге дейін тонналап әкеткендер бар. Қазір дайын өнім аз қалды. Өзге аймаққа экспорттау эко­номикамызды едәуір кө­тереді. Бірақ мұнан халық зардап шекпеуі керек. Бағаның өсуі уақытша құбылыс. Бірер айды артқа тастасақ тиімді бағада мол өнімге қол жетеді, – дейді бөлімдегілер.
Қыстың қамын ойлайтындар тамыз айынан бас­тап тыпырлайды. Көкөніс пен қауын-қарбыз саудасы «Бибінұр» базарында қыза түсуде. Қымбат десек те сатушылар өнімін мақтап, тосап қайнатып, банка басатындар қалталап емес, қаптап алуда. 2-3 баладан жетектеп, жаңа оқу жылына дайындалып жүрген де жетеді. Киім-кешек пен оқу-құралының саудасы осы кезде қызады. Тұтынушы сұранысын толық қанағаттандырып отырған жалғыз «Адина» дүкенін айтуға болады. Үлкен сауда орталығымен бәсекелесетін, таңдау жасайтын орын жоқтың қасы. Бірақ кәсіпкердің «Іздегеніңнің барлығы бізден ғана табылар» деп бағаны әсірелеп жібергенін байқамадық. Қалта көтерерлік. Бастысы бір жерден бәрін табасың. Осындай 2-3 дүкен болса тұтынушы қажетін таңдап, бағасын салыстырып алуға мүмкіндік туар еді.
Тағы бір ерекшелік бар бізде. Қандай дейсіз бе? Жосалының бірер-жарым болмаса дүкен дені міндетті түрде сағат 13.00 мен 15.00 аралығында түскі үзіліске шығады. Күні бойы жұмыста болатындар керек-жарағын үзілісте алмай ма? Түстенуге барғанда нан немесе шайыңыз болмаса аш қалдыңыз. Өйткені дүкеннің бәрі жабық. «Сауда жоқ, қарызға сұрайды, күнкөрісіміз осы» деп мұң шағады кейбір кәсіп иесі. Ақшаға қажеттілік туса неге үзіліссіз жұмыс жасамайды. Кемшілігіміз сол кәсіп ашушы көп болғанымен бәсекелестік жоқ. Бәсекелестік болмаған ортада жетілу жоқ. Қаланың деңгейіне жетуге болар еді. Еріншектік пен жалқаулықты ысырып тастасақ. Қарапайым мысал. Әнәугүні фотосалонга бардым. Елдің бәрі істеп жатқан фотомазайка жасатпаққа. Бірінде – түрлі-түсті принтер жұмыс істемейді, бірінде – шығарғанымен сыртын безендіретін көрнекілігі жоқ, енді бірі – жұмысым көп деп тапсырыс алуға құлықсыз. Сұраныс қанағаттандырылса қала асып кетпейміз ғой. Бас ауыртқанша – қолдан келмейдімен құтыламыз.
Сайып келгенде қандай ой түюге болады? Не нәрсенің арзанын іздейміз. Оның қолжетімді болғанын қалаймыз. Ол үшін жергілікті жерде, өзімізде бау-бақша өсіру керек. Олардың шеттен келетін көкөніске қарағанда анағұрлым бағасы тиімді, сапасы жоғары болады. Әйтпесе керегіңді жақын уақытта арзан бағаға ешкім бере қоймас.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА
15 тамыз 2019 ж. 1 047 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 056

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031