» » Байқоңырдағы ТОҚТЫҚ МЕРЕКЕСІ

Байқоңырдағы ТОҚТЫҚ МЕРЕКЕСІ

Жуырда Қармақшы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Байқоңыр қаласында 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай ауылшаруашылығы тауарлары жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде қармақшылық ди­қандар мен кәсіпкерлер қала тұрғындарына арнап, күріштің «Лидер» сортын, күріш жармағы мен картоп және сәбіз, қырыққабат пен асқабақ, сонымен бірге нан және кондитерлік өнімдермен бірге жеміс-жидек, басқа да ауылшаруашылығы тауарлары өнімдерін базар бағасынан арзанға сатып, алғысқа бөленді. Сонымен бірге, Қызылорда қаласындағы «Алтын қамба» акционерлік қоғамы картоп пен қарақұмық, ұн және қантты нарықтан арзанға ұсынды.
– Байқоңырлықтардың ме­ре­­ке­лік дастарқан мәзірін ауыл­шаруашылығы тауарлары өнім­дерімен толықтыруда үлесін қо­суға келген қармақшылықтар күріштің келісін 200 теңгеден, асқабақтың келісін 200 теңгеден, күріш жармағынның қабын 1000 теңгеден, картоптың келісін 40 теңгеден сатты. Әсіресе, қалалықтар алтынқамбалықтар әкелген 7 тонна картопқа кезекке тұрып, оның сапасына да, бағасына да риза болды. Жәрмеңкеде барлығы 8 тонна картоп, 4 тонна Сыр маржанының «Лидер» сорты, 200 келі асқабақ және басқа да ауылшаруашылығы өнімдері сатылды, – деді бізге берген мәліметінде аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің сек­­­тор меңгерушісі Жағыпар Төлегенов.
– Соңғы жылдары Бай­қоңыр қаласы тұрғындары ауыл­ша­руашылығы тауарлары өнім­де­рінен қат болған емес. Мына жағы қармақшылық диқандардың өндір­ген күріш, картоп, қауын-қарбыз, бергі беті Қазалы мен Арал аудандары кәсіпкерлері өндірген егін және мал, сонымен бірге балық, сүт, нан, кондитерлік өнім­дермен қамтамасыз етілді. Бәрі де базар бағасынан едәуір арзан сатылуда. Айына бір-екі рет ұйымдастырылатын жәрмеңкені қалалықтар асыға күтеді. Міне, бүгін де отанамызбен бірге қар­мақшылықтар ұйымдастырған жәр­­меңкеден картоп, сәбіз сатып алып тұрмын. Осындай игі шараны ұйымдастырушыларға өз отбасымның атынан айтар алғысым шексіз, – дейді қала тұрғыны Игенбай Төлегенов.
Иә, сол күні байқоңырлықтарға қармақшылық диқандар мен кәсіпкерлер 10 автокөлікке тиелген ауылшаруашылық тауарлары өнімдерін сатып, ел ризығына бөленді.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
Байқоңыр қаласы.
03 мамыр 2019 ж. 1 031 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

№86 (10351)

29 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 952

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930