» » ЖҰЛДЫЗДЫ ШАҺАРДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕ

ЖҰЛДЫЗДЫ ШАҺАРДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕ

Бірлігі мен берекесі жарасқан жұлдызды қала Байқоңыр тұрғындары ұлық мереке – әз Наурызды аса қуанышпен қарсы алды. Мереке қармақшылықтардың айлақ тұрғындарына мерекелік тартуы ретінде ұйымдастырған ауылшаруашылығы жәрмеңкесімен басталды.
Жәрмеңкеде ұсынылған түр­лі ауылшаруашылығы тауары өнімдерін, оның ішінде «Тұр­мағамбет», «Жаңажол» жауап­кершілігі шектеулі серіктестігі диқандары өндірген күріштің келісі 200 теңгеден, картоп 70 теңгеден, жуа мен сәбіз 90 теңгеден, сонымен бірге Қуаңдария мен Көмекбаев ауылынан әкелінген түрлі балық бағасы 600-800 теңгеден, Төретам кәсіпкерлері ұсынған сиыр етінің келісі 1450 теңгеден сатылды. Сонымен қатар, Төребай би мен Ақай ауылдық округтері шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлері өндірген түрлі көкөніс пен кондитерлік өнімдерге де және Қызылорда қаласынан келген «Байқоңыр» әлеуметтік қолдау қорының жүк көлігіне тиелген, нақтысын айтқанда келісі 50 теңгеден ұсынылған картопқа байқоңырлықтар тарапынан үлкен сұраныс болды.
Мерекелік жәрмеңкеге Қар­мақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов, Қазақстан Рес­публикасы Президентінің «Байқоңыр» кеше­ніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Жасұлан Абатов, облыстық мәслихат депутаты Кенжебек Үйреков, Қармақшы ауданы әкімінің орынбасарлары Әділ Қошалақов, Еркебұлан Меңлібаев және сала басшылары қатысты.
– Қалада қармақшылықтар ауылшаруашылығы жәрмеңкесін ұйымдастырып жатыр деген хабарламаны естіп, жерлестерімнің қалалықтарға ұсынған мерекелік тартуынан өз несібемді алайын деп келдім. Мұнда картоп пен жуаның бағасы қала базарынан арзан екен. Күріш те нарық бағасынан едәуір төмен. Әсіресе, қалалықтар сиыр етін көптеп сатып алуда, ол да қалтаға қонымды. Өзім туып-өскен, балалық шағымның ең қызықты күндері өткен Көмекбаев ауылы көлдерінен ауланып әкелінген семіз сазанның бірін сатып алдым, – дейді қала тұрғыны Абат Жолмаханов.
– Байқоңыр қаласы тұрғын­дарына мерекелік тарту ретінде ұйымдастырылған жәрмеңкеде қармақшылықтар аймақтың басты байлығы Сыр маржанын, сондай-ақ сәбіз, картоп пен жуа және ет пен балық, тіпті кондитерлік өнімдерді де арзан бағамен ұсынуда. Халықтың жәрмеңкеге қатысуы жоғары. Қармақшылықтар тарту еткен ауылшаруашылығы тауарлары көңілден шығып, олар мерекелік дастархан мәзірін толтыратынын айтып, ризалықпен алғысын жеткізуде. Мұндай іс-шаралар бұған дейін де ұйымдастырылды, алдағы уақытта да ұйымдастырыла береді, – дейді аудан әкімінің орынбасары Әділ Қошалақов.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
Байқоңыр қаласы.
27 наурыз 2019 ж. 903 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031