» » ЕЛДЕ БОЛСА ЕРІНГЕ ТИЕДІ

ЕЛДЕ БОЛСА ЕРІНГЕ ТИЕДІ

Іргедегі Қармақшы ауылы ет өнімдерін алып келді. Табиғи таза, қоспасы жоқ. Қазір таза ет өнімдерін де табу қиын. Әйтпесе, мінсең көлік, саусаң сүт, жесең ет деп ата-бабамыз қастерлеген төрт түліктің төресін бордақыға байлап отырғандар жетіп артылады. Ауыл әкімі Әлімбай Білжановты әңгімеге тартқанымызда ол өнімдерді жұртшылық ризашылықпен алып жатқанын айтты.
– Біз төрт бас малды сойып, әкеліп отырмыз. Оған қоса, балық өнімдері де сөреге қойылды. Алушылар қатары қалың. Бір күн бұрын түнделетіп, орналастырғанымыз жақсы болды, таңертең ертемен жәрмеңкеге келген жұртшылық қажетін алып жатыр. Әйткенмен, ауылдан келген сыбағаның, табиғи өнімнің дәмін татуға ынталылар көп қой, – деді ол бізбен әңгімесінде.
Қала тұрғыны Алтынкүл Ахметова да елмен бірге осында келген. Таң қылаң бере бар тірлігін бітіріп, жәрмеңкеге тура тартқан тұрғындардың бірі. Ол өнім бағасына да, сапасына да көңілі толатынын жеткізді.
– Қазір азық-түлік алуға қорқасың. Сондықтан жәрмеңке десе ішер асымызды жерге қойып тартып отырамыз. Бағасы әлдеқайда төмен. Мәселен, мен ақ күріш алып тұрмын. Мұның бағасы әдетте бір қабы 6 мың теңгеге жуықтайды. Ал, жәрмеңкеден 4 жарым мың теңгеге сатып алдым. Мың жарым теңге дегеніңіз түсінген жанға әжептәуір жеңілдік. Мен күріш, ет және бақша өнімдерінен біршамасын алып, міне арбаның кезегін күтіп тұрмын, – деді бейнетінің зейнетін көріп, немере бағып отырған ол.
Жыл сайын жәрмеңкеде қара көрсетіп, басынан аяғына дейін өздері еккен өнімді тұтынушыға ұсынатын жандардың бірі – ерлі-зайыпты Әлібек Мұсаев пен Райкүл Сарымсақова. Оларды Қызылорда халқы да танып алған. Биыл да табиғи таза өнімді ақ ниетпен қала халқына алып келді.
– Бағаны тұрақтандырып, басшы­лықтың елге жасаған игілікті ісінің арқасында осы жәрмеңке қолға алынған. Бағасы да жақсы, базардағыдан 40-50 теңгеге төмен. Келушілердің қатары қалың. Бірақ, жылда осылай қала халқы жәрмеңкені асыға күтеді. Бұл еткен еңбегіміздің елге бағытталатынын көрсетеді. «Елде болса, ерінге тиеді» деп бекер айтылмаса керек-ті, – деді отағасы Әлібек Мұсаев.
Мұнда мал шаруашылығына қажетті жем-шөп те сатылды. Ақтөбе ауылынан 200 жоңышқа тайы, 10 тонна ақ күріш, 2 тонна бидай, 2 тонна кебек жем, 2 тонна күріш қалдығы әкелінді.
– Қазір мал шаруашылығына көп қолдау көрсетіліп, қала халқы да осы кәсіпті қолға алған. Сондықтан олардың мұқтаждықтарын өтеу де ауылдағылардың еншісінде. Жоңышқа шөп, бидай жемі бар, басқасы бар, халық қажетіне жарап жатыр. Әлбетте, бағасын төмендетіп отырмыз, – деді Ақтөбе ауылының өкілі Самат Берікбаев.
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Төлеген Өмірқұловтың айтуынша, аудандағы барлық шаруашылық бұл шараға белсене атсалысты. Кісіге қандай өнім қажет болса, сондай өнім жәрмеңке сөресінде тұр.
– Күріш дейсіз бе, жоңышқа ма, әлде бақша өнімдері ме, сорт-сортымен тұр. Тек алып, қажетіңізге пайдаланасыз. Ет өнімдері де, сүт өнімдері де бар. Ауылдың ажары ағарған ғой, оның түр-түрін кезіктіресіз. Бағасына тоқталсақ, базарда келісі 100 теңге тұратын картоп 70 теңгеден сатылуда. Жуа 40 теңгеден, ақ күріш 180 теңгеден сатылуда. Жалпы, баға халыққа қолайлы, – деді бас маман Т.Өмірқұлов.
Түйін
Ат арытып базар бармай, үй қасына келіп тұрған жәрмеңкеден алған жұртшылықтың бұдан ұтары көп. Біріншіден, тау-тау қылып, таксиге тиеп, жолда шығындалмайсыз. Екіншіден, бағасы төмен. Жұртшылыққа мұндай жеңілдік жасау - қара орман халықтың қамы. Әйтпесе, шаруалардың ала жаздайғы еңбегі де аз емес.

Д.Қырдан.
01 қараша 2018 ж. 1 863 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031