Қармақшыдан барған сыбаға
Сенбіде аудан жұртшылығының ауыл шаруашылық өнімдері арайлы Ақмешіттің тұрғындарына арзан бағамен ұсынылды. Мерей шағын ауданында өткен жәрмеңкеге келген халықтың қарасы қалың. Облыс басшылығының бастамасымен әрбір аудан өз өнімдерін қала қонақтарына ұсынуда. Мұндағы мақсат – ауыл шаруашылығы мамандарының еңбегін өткізу және жергілікті жұртшылықты табиғи таза жергілікті өнімдермен қамтамасыз ету.
Қасиетті топырақтан ат арытып шыққан диқандар қауымы сөреге 11-ден астам өнім түрін қойды. Оның ішінде 8,1 тоннасы – көкөніс өнімдері. Елдегі сұраныс жоғары өнім түрі – осы. Онан соң 2,8 тонна балық, 5,5 тонна ет өнімдері төмен бағада ұсынылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңкеге жалпы құны 5 миллион теңгеге жуық өнім сатуға шығарылды.
– Жәрмеңкеге Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай ахун, Ақжар, ІІІ Интернационал, Жаңажол, Жосалы, Қармақшы ауылдық округтерінің бірнеше тауар өндіруші кәсіпкерлері өз өнімдерін жергілікті халыққа қолжетімді бағамен ұсынып, алғысқа кенелді. Біз апарған өнімдер қала тұрғындарына 15-20 пайыз төмен бағада сатылды. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты сол: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және жергілікті кәсіпкерлердің өндірген өнімдерін ішкі нарыққа делдалсыз өткізу. Осындай жәрмеңкелер алдағы 2 ай көлемінде айына 2 реттен ұйымдастырылатын болады, – деді аудандық ауылшаруашылық бөлімінің маманы Сабырхан Зайыров.

«ҚТ» ақпарат.
Пікір 1