» » Базар бағамы бақылауда

Базар бағамы бақылауда

Бүгінгі таңда елімізде азық-түлік өндірісін ұлғайту және оның қауіпсіздігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету күн тәртібінен түскен емес. Ал, нарық заманында, экономиканың қарқын алған дәуірінде асыраушы саланы дамыту арқылы халықтың әл-ауқатын көтеру де мінберден жиі көтеріліп жүр. Алайда, халық күнделікті тұтынатын түрлі тағам түрлері мен көкөністер және өзге де өнімдердің бағасы кейде төмендеп, кейде күрт өсіп кетіп жатады. Сондықтан да ел арасында түрлі пікірлер қалыптасып, баға тұрақтылығына қатысты әртүрлі әңгімелер айтылады.
Бағаны тұрақтандыру кімді де болса толғандыратын үлкен мәселе. Осы ретте, Жосалы кентіндегі бірнеше сауда орталығы мен базарларда болып, баға өзгерісімен танысқанбыз. Сонымен бірге, Елбасы саясатын іске асыруда атқарылып жатқан жұмыстар жайлы аудандық ауылшаруашылығы бөлімі мамандарын сөзге тарттық. Сала мамандарының мәліметіне сүйенсек, қазір елімізде, оның ішінде ауданда әлеуметтік маңызы бар және күнделікті тұрмысқа қажетті тауарлар бағасын тұрақтандыру мақсатында кәсіпкерлермен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ кәсіпкерлердің жер-жерден тасымалдап әкелген азық-түлік және басқа да тауар бағасын 5 пайыздық үстемеден асырмау жөнінде меморандум жасалған. Сонымен қатар, өткен жылы «Алтын қамба» АӨК» ЖШС арқылы «Байқоңыр әлеуметтік кәсіпкерлік кор­порациясы» АҚ-ның еншілес кәсіпорны арқылы аудан тұрғындарына базар бағасынан төмендетілген бағамен 1 тонна бидай, 5000 келі картоп, 300 келі жуа сатылса, бірнеше рет ауылшаруашылығы құрылымдарының қатысуымен арзандатылған ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Өткен жылы аудан тұрғындары күріштің келісін 200 теңгеден, бірінші сортты ұнның келісін 96 теңгеден, макарон өнімдерінің келісін 150 теңгеден, сиыр етінің келісін 1500 теңгеден, тауықтың келісін 700 теңгеден, сонымен қатар шемішкі майдың келісін 440 теңгеден сатып алған. Биыл бұл өнімдердің бағасында өзгеріс жоқ. Есесіне былтыр 80 теңгеден сатылған қырыққабаттың келісі 20 теңгеге, 80 және 60 теңгеден сатылған картоп пен жуаның келісі 10 теңгеге қымбаттаған.
Сондай-ақ, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінен алған мәлімет бойынша, бүгінде өңірімізде құрылыс тауарлары арасында әк пен цементтің бағасы сәл қымбаттаған, ал басқа құрылыс тауарларында әзірге қымбатшылық байқалмауда. Сонымен бірге, электр жарығы төлемі, көмір бағасы арзандаса, байланыс бағытында, яғни интернет қызметінің кейбір тарифі жоғарылаған.



Н.Жанәділов

16 қаңтар 2019 ж. 1 044 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930