» » ҚЫСТЫҢ ҚАМЫН БҮГІННЕН ОЙЛАПТЫ

ҚЫСТЫҢ ҚАМЫН БҮГІННЕН ОЙЛАПТЫ

Жаз ортасы көкөністің түр-түрі пісетін уа­қыт. Көзді ашып жұмғанша күз де келді. Ал, қыстың қамын ерте ойлаған «пысықтар» сол уақытта-ақ банка жабуға кірісе кеткен. Солардың қатарында жыл сайын қыстың қамына ерте кірісетін Шолпан Боханова да бар. Ол биылғы жоспарымен 300 банкі көкөніс пен тосап жапқан.
Банка басу үшін де оның қыры мен сырын білу қажет. Тіпті банка қақпағының өзі 4 түрге бөлінеді екен. Мәселен, полиэтиленді, твис топ, вакуумдық және қаңылтыр. Ал біз білмейтін тағы қандай құпиясы бар? Тақырыпты қаузау үшін Шолпан Боханованы аз-кем әңгімеге тартқан болатынбыз. Қыс қамына білек сыбана кіріскен ол өз тәжірибесімен бөлісті.
– Жаңағы 4 қақпақты пайдаланбас бұрын, ең алдымен оның сапасын анықтаған жөн. Егер полиэтиленді қақпақты суға салғанда батпаса және оңай мыжылса оның сапалы екенін білдіреді. Ол өнімді екі ай бойы сақтайды. Ал, твис топ қақпағын ішінде суы бар банкіге жауып төңкеру қажет. Егер су ақпаса қақпақ сапалы деген сөз. Бұл қақпақты 3 жыл пайдалануға болады. Вакуумдық қақпақ болса тұздық салат жасауға ыңғайлы. Ал қаңылтыр қақпақ көпшілік сұранысына ие. Оны тексеру үшін резеңкесін спиртпен сүрту керек. Лас болса пайдалануға жарамсыз. Тағы бір тәсілі резеңкесін тартқан кезде оңай үзілмеуі керек, – дейді тәжірибелі банкі басушы.
Шолпан басқан көкөніс пен тосаптар қыс бойы отбасына азық. Ол ең алғаш банкі басуды анасынан үйренген. Баста аз-аздап жапқан ол, қолы үйренген соң санын арта түсірген. Жасыратыны жоқ, банка басу кей қыз-келіншектің қолынан келе бермейді. Ал бір ғана қыс мезгіліне 270-300 банкі басу еңбек пен төзімділікті қажет етеді.
Сондай-ақ, банкі басарда сапасыз өнім тұтынса, ол адам денсаулығына зиян. Сон­дықтан көкөніс пен жемісті аса мұқиятпен таңдаған жөн. Әсіресе жұмсарып кеткен өнімді пайдаланбау керек. Шыны ыдысты алған соң оның тазалығына мән беру қажет.
– Ең алдымен қияр мен қызанақты жабу үшін шынымызды тазалап, 15 минут көлемінде буға қоямыз. Одан кейін қиярды турап, дайындаймыз да банкаға біріңғайлап орналастырамыз, үстіне қызанақты саламыз. Арасы тығыз болмауы керек. Содан кейін дәмін келтіру үшін сарымсақтан шамалап саламыз. Көп болмауы қажет. Себебі ол салат суын ашытып жіберуі мүмкін. Суды қияр мен қызанақ батып тұратындай етіп, молырақ құямыз, – деген Шолпан Әбдібекқызы, кәдімгі дүкеннен сатып алатын тұздалған қияр мен қызанақтың үй жағдайында қалай басылатынын көрсетті. Міне жабылған банкіміз де дайын. Бастысы таза, құнарлы, табиғи өнім. Сіз де қыстың қамына жаздан бастап кірісіңіз.
Айнұр ӘЛИ,
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет).
«Қармақшы таңы».
12 қазан 2018 ж. 3 804 1

JeaCold от 17 ақпан 2019 02:16
Zithromax Seizure Threshold Zithromax Globalrph Sildenafil 100mg http://kamagpills.com Acheter Levitra En Luxembourg

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 052

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031